МУЗЕЙ МАМАНДАРЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ТАРИХ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШТЕРІН ҚОРҒАУ САЛАСЫ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТКІЗДІ
- Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
«Шымкент қалалық музейлер бәрлестігі» МКҚК қызметкерлері Шымкент қаласына қарасты 5 ауданның әкім аппараттары қызметкерлеріне қала аумағындағы тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау тақырыбында семинарлар өткізді.
Музей қызметкерлері шара барысында Еңбекші, Әл-Фараби, Абай, Тұран, Қаратау аудандары әкімі аппараттарындағы жер қойнауын пайдалануға рұқсат беру, жерге орналастыру, коммуналдық-шаруашылық, мәдениет салаларына жауапты мамандарына тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, олардың жай-күйі, пайдалану, жер учаскесін беру алдындағы шаралар, құқық бұзушылық орын алғанда атқарылуы тиіс жұмыстар тақырыбында сөз қозғап, заңдық нормалардың сақталуы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандық әкімдік мамандарының сауалдарына жауап беріліп, тұрғындармен етене жұмыс кезінде жолығатын мәселелер төңерегінде түсіндірілді. Өз кезегінде, аудандардағы сала мамандары қала тұрғындарымен, қашықта орналасқан тұрғын алаптардың ақсақалдарымен кездесуінде тарих және мәдениет ескерткіштерін, әсіресе археология ескерткіштерін сақтау ісі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізетінін жеткізді.