МУЗЕЙ ҚОРЫ ТОЛЫҒА ТҮСТІ
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 02 тамыздағы №4106 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қаласының музейлер бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып бекітілген болатын. Осыған байланысты, 2024 жылдың 11-желтоқсан айында Шымкент қаласының музейлер бірлестігінде алғаш рет қорларды іріктеу комиссия мүшелері бірлесе отырып, желтоқсан айында қорға түскен музейлік маңызы бар заттардың құндылығына қарай іріктеу жұмысын жүргізіп, талқылады.
Комиссия төрағасы, ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі А.Жолбасхан, комиссия мүшелері А.Советов («Шым қала» тарихи-мәдени кешені бөлімінің меңгерушісі), А.Джусупова (Қорларды ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі), С.Дүйсебаев (Ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету (Жалпы тарих, археология және этнография) бөлімінің меңгерушісі), А.Бердіқұлова («Ерлік» музейінің кіші ғылыми қызметкері), Ж.Әшім («Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейінің» ғылыми қызметкері) болып, кезекті отырыс өткізді.
Комиссия мүшелері Шымкент қалашығындағы 2018-2020 жылдары аралығында археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған 20 монета, Саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі «ЖЕЛТОҚСАН-86-Тәуелсіздік таңы» қоғамдық бірлестіктің төрайымы Кульбаева Райхан Ергешовна бірлестіктің құрамындағы басқа да мүшелері – Козыбакова Гулмира Умирбеккызы, Балабаев Боранбай Турганбекович, Тултебаева Асемкуль Ажмухановна, Журимбаев Канат Абдыхалыкович, Бижигитов Марат Жумашевич, Сыпатаева Ақсұлу Кыркымбаевна, Тургынбаева Гульбайра Есенгелдиевна, Журимбетова Мейрамкул Рамашевна, Сейденов Мухитдин Полатович, Мырзахметов Адилхан Сейдахметович сияқты азаматтардың архивтік анықтамалары, ақталуы туралы куәліктері мен фотосуреттері, «Ерлік» музейі қызметкерлері жинақтаған Тыл ардагері Василенко Вара Петровнаның 3 медаль құжаты, дипломы мен и 4 фото сурет және соғыс ардагері Егізбаев Абдірахымның 2 фото суретінің құндылығына тоқталып, желтоқсан айына барлығы 77 (жетпіс жеті ) зат қабылдады.
Шара аясында 2025 жылдың қаңтар айына жинақтау жұмыстары жоспарланды.