Мәдениет: ОН АЙДАҒЫ ОҢ БАСТАМАЛАР

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Қазіргі таңда, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты 22 мәдениет ұйымы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет көрсетуде. Шымкент қаласында «қалалық» деп аталатын 7 театр, 6 кітапхана, Концерттік-көрме орталығы, «Шымкент концерт» концерттік ұйымы, Шымкент циркі, Мемлекеттік архиві, Шымкент қалалық музейлер бірлестігі, Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығы, Тілдерді дамыту орталығы, Мәдени іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы мен  Зоологиялық саябақ секілді мекелелер болса, онда жалпы саны 2411  адам қызмет істейді.

 Аталған мекемелердің қызметін үйлестіру үшін 2024 жылға жоспарланған жалпы қаржы көлемі 13 586 572,0 мың теңге. Оның ішінде, 2024 жылдың 10 айына  кассалық шығыстар  9 841 424,2 мың теңгені немесе 100 пайызды құрап отыр.    Олар:

Жалақы қорына және салық төлемдеріне 5 431 263,3  мың теңге;
Коммуналдық шығыстарға 272 014,4 мың теңге;

Мекемелерді күтіп ұстау және басқа да шығындарға 217 528,7 мың теңге;

Театр қойылымдары мен мәдени көпшілік іс-шаралар өткізуге 136 698,6 мың теңге;

Жан басына шаққанда балалар мен жасөспірімдер үйірмелерін қаржыландыру бойынша  2 695 460,1 мың теңге;

Ғимараттарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына
261 586,8 мың теңге орындалды;

Мекемелерді материалдық-техникалық жарықтандыру және негізгі құралдар мен тауарлар сатып алуға 390 168,2 мың теңге;

Өзге де шығындар 390 856,1 мың теңге жұмсалған.

Жалпы, басқарма жұмысына 5 бағыт бойынша 21 нысаналы индикаторлық  көрсеткіш бекітілген.

Олар:

  1. «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың оқырман белсенділігін арттыру. Жобаға сәйкес Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы, «Өлкетану бағыты» және «Нағыз оқитын кез» акциясы бойынша оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында 2024 жылдың 10 айында 1365 іс-шара ұйымдастырылып, 300 798 оқырман қамтылды. Жалпы жылдық жоспар 35% (303 623 оқырман саны) болса,  10 айда орындалуы 24,1% (1 243 900 қаланың халық санына шаққанда).
  1. Мәдениет объектілерін салу. 2024 жылға 1 мәдениет нысанын салу жоспарланған. Есепті кезеңде 4 мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары аяқталып, ғимараттың жиһаздармен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет үйлерінің ғимараты 2 қабаттан тұрады, оның ішінде кітапхана, оқу және спортпен жаттығу залы,  сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған санитарлық торап орнатылған.

Анықтама ретінде: Абай ауданы, Көкбұлақ тұрғын алабындағы «Көкбұлақ клубы», қаржысы 378 млн 242,0  мың тг, 2.Қаратау ауданы, Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы «Қайнарбұлақ клубы»,  қаржысы 298 млн 217,0 мың тг., 3.Еңбекші ауданы, Базарқақпа тұрғын алабындағы «Қаратөбе клубы»,  қаржысы 305 млн 551,0 мың тг., 4.Қаратау ауданы, Өтеміс тұрғын алабындағы, «Өтеміс клубы», қаржысы 386 млн 369,0 мың тг.

 3.Мәдениет объектілерін жөндеу. 2024 жылға 15 мәдениет  объектілерін  жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі»   ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен  жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді.

  1. Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны. 2024 жылдық жоспарда 1 жоба бекітілген. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні аясында, Орталық саябағында «BalaShym» өнер фестиваліне қала көлемінен шығармашыл балалар жиналып,
    4 бағыт бойынша өнерлерін көпшілік назарына ұсынылып, қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

  1. Тіл саясаты бойынша мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру. 2024 жылдық жоспар 91% болып белгіленген, орындалуы 97,8%.

2024 жылғы І жартыжылдықта  Шымкент қаласы тұрғындарының қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында  әлеуметтік сауалнамаға 18 жастан жоғары
2000 респондент қамтылып,  нәтижелер алынды.

–   мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі – 97,8%;

–   орыс тілін  меңгергендердің үлесі – 87,6 % ;

–   ағылшын тілін меңгергендердің үлесі – 24,2%-ті құрады.

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында
109 топта 1302 азаматтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен курстан өтті.

           Анықтама ретінде: Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар – 1002, орыстар – 141, өзбектер – 72, өзге этностар – 87. Қазақ тілінен 788 адам, ағылшын тілінен 435 адам және орыс тілінен 79 адам қамтылды.Мемлекеттік қызметшілер 321 адам. Ұлттық құрамы: 284 қазақ, 9 орыс, 14 өзбек, 14 өзге этнос өкілі.

 ІІ. Шымкент қаласы  бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалдыбағдарламасы аясында мәдени – ағартушылық нысандар салу бойынша
2024 жылдың жоспарында  2 мәдени нысан салу жоспарланса, жоғарыда атап өткенімдей, 4 мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ал, мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасалынып, 97,5 пайыздан 100 пайызға арттыру көзделсе, бұл  2024 жылдың жоспары бойынша 98% құрайды. Бүгінде орындалуы 90,2 % болыр отыр.

Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығында мақсатты  индикаторға сәйкес  2024 жылы 1 442 адамды курстан өткізу жоспарланған.   2024 жылдың 10 айы бойынша  қазақ тілінен – 788, орыс тілінен – 79 адам, ағылшын тілінен – 435 адам барлығы 1302 азамат курстан өтті.

 Архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 2024 жылдық жоспарда 600 000 парақ саны, орындалуы 1717 сақтау бірлігінің                  502 742 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілді.

 

«Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді  іс-шаралар жоспары бойынша
2  жинақ шықты.
Олар: Шымкент қалалық мемлекеттік архивіндегі жеке тектік құжаттар негізінде «Шымкент қаласының дамуына үлес қосқан әр саладағы үздіктер» және «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінің жинақтары.

2024 жылдың 4-6 маусым аралығында Қазақстандағы Өзбекстан архивтерінің күндері ұйымдастырылды. Іс-шара аясында  «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, «Қазақстан және Өзбекстан: екі ел арасында архив саласын дамыту аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Шымкент қалалық музейлер бірлестігі мекемелеріне келушілердің саны жылдық жоспарда 12 050 келуші болса, 10 айда орындалуы 9 810 келуші (ақылы 5 832, ақысыз 3 978), жоспар 81% орындалды.

Рухани мәдени мұрасын насихаттау бойынша іс-шараларға келуші көрермендердің (Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы) саны жылдық жоспарда 15 700 келуші болса,
10 айда орындалуы 12 240 келуші (ақылы 3 076 адам, ақысыз 9 164 адам), жоспар 78% орындалды.

Зообаққа келушілердің саны жылдық жоспарда
320 923 келуші болса, 10 айда орындалуы 512 092 келуші (ақылы   370 725, ақысыз 141 367) жоспар 159%  орындалып отыр.

«Мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясына» (Шымқала тарихи-мәдени кешені) келушілердің саны жылдық жоспарда 31 264 келуші болса, 10 айда орындалуы
37 040 келуші (ҚР  Азаматтары 25 889 адам,  шет ел азаматтары 11 151  адам) жоспар 118% орындалды.

8) Көшелерге атау беру. 2024 жылдың жоспары бойынша 60 көше. Шымкент қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 4 қарашадағы                  № 5658 қаулысы мен Шымкент қаласы мәслихатының 2024 жылғы                 4 қарашадағы № 22/191-VIII бірлескен шешіміне сәйкес қаламыздың  385 құрамдас бөліктеріне жаңа атау берілді.

Анықтама ретінде: Атауы жоқ – 283 көше, атауы қайталанатын – 82 көше, транскрипциясын нақтылайтын – 6 көше, идеологиялық тұрғыдан ескірген – 6 көше, шағын аудан – 6, саяжай- 1 және  аллея- 1.

Шымкент қаласы әкімдігінің ситуатциялық «iKomek» орталығы бірыңғай тегін 109 нөмірі арқылы және арнайы әлеуметтік желілер көмегімен қала тұрғындарына 24/7 тәртібінде қызмет көрсетеді. Бірыңғай орталыққа мәдениет саласы бойынша  2024 жылдың                          10 айында 50 өтініш келіп түскен, барлығына мерзімінде жауап берілген.

Ағымдағы  жылдың 10 айында 32 ресми, мәдени көпшілік  іс-шаралар  өткізіліп, қатысушы саны 40 092 адамды құрады.
Атап айтқанда,  «Қазына» би ансамблінің құрылғанына 35 жыл «Fashion show by QAZINA» дефилесі, «Армысың, әз-Наурыз» мерекелік іс-шарасы және гала-концерті, Халықаралық театр күніне орай, «Театр көктем фестивалінің» апталығы, 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған гүл шоқтарын қою рәсімі, «Қазақстан мен Өзбекстан тарихын зерттеудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы,                                     «Қала күні», «Астана күні», «Домбыра күні», 15 тамыз Қазақ вальсінің королі композитор Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Әнім сен едің» гала-концерті, 30 тамыз «Конституция күні» және 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары салтанатты мерекелік
іс-шарасы, 24 қазан Республика күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

                               Атаулы және мерейлі даталар бойынша:

Қазақ ақыны сықақшы Шона Смаханұлының, балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтың 100 жылдығы арналған халықаралық конференция мен мерекелік кеші өткізілді.  Сонымен қатар, А. Пушкин атындағы әмбебап кітапханасының 125 жылдығы, көзі көрмейтін және көзі әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының 55 жылдығы, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының 10 жылдығы  аясында Халықаралық, республикалық конференциялар ұйымдастырылса Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының                     10 жылдық мерейтойы аясында «Дарқан дала дәстүрі мен ойындары» этнофестивалі, Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының 95 жылдығы аясында Орталық Азия елдерінің
ІХ халықаралық театр фестивалі өткізілді. Фестивальға Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қарақалпақстан, Татарстан, Әзербайжан және Қазақстан театрлары қатысты.

Аталған екі бағыт бойынша жыл соңына дейін Республикалық ақындар айтысы, «Тәуелсіздік күні», Поляк, Ресей, Кеңес компазиторы, Қазақ Кеңес Социалистік Республикалар Одағының халық әртісі Александр Викторович Затаевичке 155 жыл толуына орай еске алу кеші, «Шыршаның басты шамын жағу» және «Жаңа жыл» мерекелік іс-шаралары өткізілетін болады.

Тарихи мәдени мұраны сақтау бағыты бойынша:

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша 181 тарихи-мәдени мұра объектілері есепке алынды. Оның 123 монументті өнер құрылыстары болса, 58-і археологиялық, сәулеттік мәдени мұра нысандары. Аталған нысандардың 7-і республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілсе, 8-і жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілген.

Мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жұмыстарының нәтижесі келесідей.

2024 жылға жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру бағдарламасына 20 000 ваучерге 3,941 млрд.теңге бағытталған.

Қазіргі таңда 137 өнім беруші, 37 үйірме түрінен (500 үйірме саны) 18 433 ваучермен қамтылып отыр.

 

Бауыржан ОРЫНТАЕВ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы