«НАШАҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ, БІЗ ӨМІРДІ ТАҢДАЙМЫЗ» ФОРУМЫ ӨТТІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» форумын өтті деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция департаментінің бастығы Мұрат Талапұлы Қабденовтің нұсқауына сәйкес ұйымдастарылған шара жастар арасында белең алып отырған нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір сүру салтын ұстануға шақыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бәйдібек аудандық полиция бөлімі және аудан әкімі аппараты бірлесіп өткізген форум барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Н.Әжібеков өте қажетті мағлұматтармен бөлісіп, жастарды жаманнан жиренуге шақырды. Спикердің айтуынша есірткіні қолданудың салдары деструктивті жағдайдан өлімге дейін әкеледі. Соның ішіндегі кейбір бұзылыстар: аритмия және ишемиялық ауру және басқа жүрек аурулары;
энцефалопатия (ми патологиясы); гепатит, цирроз және бауыр ісігі;созылмалы бронхит, өкпенің қатерлі ісігі; гастрит және асқазан жарасы;
бедеулік;ұрықтағы ауыр патологиялар мен деформациялар; АИТВ/ЖИТС, туберкулез, С гепатиті, сепсис инфекциясы; толық әлеуметтік дезадаптация (жалпыадамзаттық құндылықтардан, мінез-құлық нормаларынан бас тарту), тұлғаның деградациясы (мәңгүрт); артық дозаланудан болатын өлімге әкеп соқтырады.
Өз кезегінде форумға қатысушы жастар қоғамдағы өзекті мәселе болып тұрған есірткіге қатысты қылмыстардың алдын алу, нашақорлыққа тосқауыл қою бағытында көпшілікпен пікір алмасты.
Іс-шара барысында патриоттық әндер шырқалып, аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубайға сөз беріліп, жастарға зиянды әрекеттерден аулақ болу және салауатты өмір салтын ұстану бойынша ақыл-кеңестер мен ғибратты сөздер айтылды.