НАШАҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Ел Президенті Қ. Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» деп аталған Жолдауында «Синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіруде. Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті, үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел» деп қоғамдық ауруға айналып келе жатқан есірткі тұтынушылыққа алаңдаған болатын. Синтетикалық есірткіні өндіруге және таратуға қарсы күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілу қажеттілігін айтып, нашақорлықпен және есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу туралы тиісті органдарға тапсырма берген-ді.
«Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды» қарау кезінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруді, заманауи есірткі бизнесінің жаңа сын-қатерлері мен қауіп-қатерлеріне қарсы тұрудың тиімділігін арттыруды, халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен кеңейтуді, қазақстандық қоғамда нашақорлық деңгейін төмендетуді көзделгені анық. Нашақорлықтың алдын алу, емдеу, нашақорларды оңалту жүйелерін жетілдіруге, сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту жағы жан-жақты қаралды делінді.
Қабылданған жоспар аталған бағыттар бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, нәтижесінде 2025 жылға қарай есірткі тұтынушылардың санын азайту, есірткіге тәуелділіктен ұзақ мерзімді ремиссиясы бар кәмелетке толмағандар санын 15%-дан 20%-ға дейін арттыру, сондай-ақ есірткі тұтынушыларды 26%-дан 30%-ға дейін медициналық-әлеуметтік оңалтумен қамту жоспарланған. (қараңыз: https://primeminister.kz/news/ukimet-nashakorlyk-pen-esirtki-biznesine-karsy-kures-zhonindegi-keshendi-zhospardy-bekitti-24673).