НАҚТЫ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ БОЛМАУЫ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА ӘРЕКЕТ ЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІНЕ ӘСЕР ЕТЕДІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында «жәбірленуші», «құрбан», «зәбірленуші» деген нақты бір мәнді анықтамалар жоқ. Мысалы, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан «жәбірленуші» термині қылмыстық істі немесе әкімшілік құқық бұзушылықты тіркей отырып, оларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері жасалған адамдарға ғана қатысты. «Жәбірленуші» термині тек заңға тәуелді актіде – уәкілетті органдардың ведомствоаралық бұйрығында бекітілген. Нақты терминологияның болмауы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында әрекет етудің тиімділігіне әсер етеді. Дағдарыс орталықтарының қызметін зерделеу шеңберінде көмек көрсету жөніндегі ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты проблемалар бар. Осы мақсатта оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу, құқықтық білімді, коммуникация дағдыларын арттыру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасыдың уәкілетті субъектілерімен өзара ісқимылды жүзеге асыру бойынша тұрақты негізде тренингтер, семинарлар және басқа да оқыту курстарын өткізу қажет. Тұрақты жұмыс істейтін мемлекеттік емес Дағдарыс орталықтарының (баспаналардың) қаржылық қажеттіліктеріне жауап бермейтін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтерге ақы төлеу жеке проблема болып табылады. Жеке меншік нысанындағы ұйымдарда қызмет көрсететін мамандардың жалақысы уақытша болу және тұру ұйымдарында тұратын қызмет алушылардың санына байланысты. Мысалы, егер ұйымда қызмет алушылардың 50% болса, онда маман жалақының тек 50%-ін алады. Білікті мамандар мұндай шарттармен жұмыс істеуге келіспейді
Бұдан басқа, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған және өмірлік қиын жағдайдың туындау қаупі бар адамдар санын; ұйымдар көрсететін қызметтер санын; дағдарыс орталығынан шығарылғаннан кейін әлеуметтік сүйемелдеу көрсетілген адамдар санын бірыңғай есепке алу жоқ.