Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл шаралары елімізде жүйелі түрде жүргізіліп келеді. жүйеленгені көрініп тұр. Есiрткi қылмысына қарсы іс-қимыл бағыты, есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды, сондай-ақ реттеу, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыру айқындалған. Ол үшін есірткіге қарсы күрестің бірнеше функцияларға жіктелген, сөзбе-сөз келтірсек:
1) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымы, сондай-ақ олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты ұйымдастыру және іске асыру;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың нашақорлық пен есiрткi бизнесінің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер және прекурсорлармен байланысты қылмыстарды ескерту, анықтау, олардың жолын кесу және ашу;
4) ақпараттық-коммуникациялық жүйеде есірткі қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
6) есірткі ахуалының жай-күйі мен даму үрдісінің мониторингін жүзеге асыру;
7) есірткі қылмысы мен есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл нысандары мен әдістерін жетілдіру;
8) есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жасасуда шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен, халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асыру;
9) кинологиялық қызмет орталықтарының қызметін үйлестіру және ұйымдастыру.
Қарап отырғаныңыздай, мегаполис құқық қорғаушыларының есірткімен күресте жүйеленген жұмысы баршылық, ал атқарылған шаруаларына көз жүгірту үшін осы ресми сайт пен әлеуметтік желілердегі парақшаларын шарлап кеттік.