ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАТЫГЕЗДІК
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Соңғы 5 жылда елімізде отбасыда жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты құқықбұзушылық тұрақты түрде өсіп келеді. Көпшілік қатегездіктің ең шырқау шегі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі болғанын айтады. Бұл жәйт мемлекетімізде көптен сөз болып келе жатқан зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін реттейтін заң қабылдануына негіз болды. Осыған байланысты Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбекпен сұхбаттасқан болатынбыз.
- Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты соттың басталғанына 1
айға жуықтады. Заңгер ретінде, қарапайым азамат ретінде бұл сотты күнделікті қадағалап қарап жүрсіз бе?
- Иә, сот басталғалы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ұдайы
бақылап келемін. Шыны керек бұл процес халықтың құқықтық сауатын ашатын болды. Өйткені жасыратыны жоқ, сот түгілі полиция департаментіне барып көрмеген азаматтар жетерлік. Тіпті қарапайым ғана арыз жазуды, оған байланысты қолына талон алуды, сотқа кіргендегі тәртіпті білмейді. Осының барлығын қоғам ашық сот арқылы бақылап отыр. Үйренері көп. Бұл тәжірибені, үрдісті алдағы кезде көбейтуіміз керек.
- Не себепті дәл осы іске елдің назары көбірек ауды деп
ойлайсыз?
- Себебі соңғы уақытта әйел адамның өлімі өте көбейіп кетті.
Олардың мал секілді құны болмағаннан кейін қоғамның наразылығын туыдырып отыр. Соңғы статистиканы алатын болсақ, жылына 80 қыз-келіншек агрессорлардан қорлық көреді екен. Ал осыдан екі жыл бұрын, яғни 2022 жылы 400 әйел агрессорлардың қолынан қайтыс болған. Яғни стаистика көбейіп жатыр.
Мәселен 2022 жылы Шымкент қаласында Қуандық Бишімбаев қылмысына ұқсас бір емес, екі бірдей бойжеткенге қатысты резонанстық істер болды. Сол кезде біз қоғамды ақпараттандыру арқылы ғана әділеттілікке жеттік. Оның өзі өте қиын болды. Қайта-қайта БАҚ өкілдеріне шығып жүріп, әділет органдарынан араша сұрадық. Бірақ ол кезде қоғам бұл қайғылы оқиғаларға мұншалықты назар аударған жоқ.
Жалғасы бар.