ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАТЫГЕЗДІК
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Соңғы 5 жылда елімізде отбасыда жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты құқықбұзушылық тұрақты түрде өсіп келеді. Көпшілік қатегездіктің ең шырқау шегі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі болғанын айтады. Бұл жәйт мемлекетімізде көптен сөз болып келе жатқан зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін реттейтін заң қабылдануына негіз болды. Осыған байланысты Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбекпен сұхбаттасқан болатынбыз.
Сұхбаттың жалғасы:
– Тәжірибелі заңгерсіз. Соттың заңдылығына, дұрыс жүріп жатқанына көзіңіз жете ме?
– Соттың дәл осылай ашық өтіп жатқаны қоғам үшін өте дұрыс болды. Бірақ байқауымша жәбірленуші тарапты мүмкіндігінше сөйлетпеуге тырысып жатқан тәрізді. Бастапқыда прокурордың іс-әрекетіне байланысты жасалған ескертпелер қысым деп ойлаймын. Жалпы біздің елде әкімдерді емес, судьяларды сайлау керек. Себебі Ата Заңымыздың бейнесі –солар. Оны орындайтын да ол кісілер.
– Жасыратыны жоқ елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстары бұрында да болды. Ал соны жасағандардың жазаға тартылғаны болды ма осы кезге дейін.
– Иә, мұндай оқиғалар болды. Бірақ кінәлілер шыны керек жаза арқаламаған. Қандай қылмыстық іс осылай қоғамда резонанс тудырады сол процесте кінәлілер мүмкіндігінше ауыр жаза арқалайды. Оның өзінде де қоғам белсенділері, мықты текетеріске түсе алатын азаматтардың қолына түскен істер ғана соңына жетеді. Сондай азаматтың бірі өзім. Заңгер болсам да осындай оқиғалар кезінде қаншама қысым, қудалау көремін. Оны мойындауымыз керек.
- Бишімбаевтың сот алқа билермен өтуін сұрауы, өз
мәлімдемесінде Нүкенованы кінәлеп сөйлеуі патриархалдық қоғамның көрініс емес пе?
- Мен мұны былай түсінер едім. Бізде соңғы 15 жылда сәлафиттердің,
діни жат ағымдағылардың әйелді кінәлап сөйлеп, оларды ер азаматтан төмен сану, құл сияқты көрсетуі бұл мәселеге қатты әсер етті. Қазір әйел адам бәріне жауапты. Тіпті ер азаматтың жауапкершілігі мен міндеттерін де соларға артып қойған. Әйел баласын да бағу керек. Ол жұмысты да істеу керек. Мінезі де керемет болуы керек. Діндарлардың арқасында осындай ұғым қалыптасты. Бишімбаевтың Салтанатты кінәлі етуі қоғамдағы үйреншікті жәйт. Ол ішіп алды, өзі құлады,-дейді. Ал бірақ сраптамада оның қанында алкоголь өте аз құрамда табылғаны жазылған. Оның аяқта тұра алмауының себебі, ауыр соққы алғаны. Миы шайқалаған кезде адам өз-өзін қалай ұстайды. Бірақ қоғам оған мән беріп жатқан жоқ.
Жалғасы бар.