ОТБАСЫНДАҒЫ ҚАТЫГЕЗДІК

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Соңғы 5 жылда елімізде отбасыда жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттеріне байланысты  құқықбұзу­шылық тұрақты түрде өсіп келеді. Көпшілік қатегездіктің ең шырқау шегі бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі болғанын айтады. Бұл жәйт мемлекетімізде көптен сөз болып келе жатқан  зор­лық-зомбылыққа қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктерін реттейтін заң қабылдануына негіз болды. Осыған байланысты Ұлттық құрылтай мүшесі, қоғам белсендісі, заңгер Айгүл Орынбекпен сұхбаттасқан болатынбыз.

 

Сұхбаттың жалғасы:

 

  • Қуандық Бишімбаевқа қандай жаза лайықты? Егер

адвокаттары барын салып қорғап шыққанның өзінде жазасы қаншаға жеңілдеуі мүмкін?

  • Біз қоғамда қыз-келіншекке зорлық-зомблық көрсету дерегінің

азайғанын қаласақ, Қуандық Бишімбаевқа 30 жылдан жоғары жаза беру керек. Себебі бұл жерде өлтіріп қойып, оны жасыруға тырысуы, видеоларды өшіру, қылмысты жасыруға әрекеттенуі қылмысын жасыру үшін мақсатты түрде жасалған іс-қимылдар. Яғни мұндай мән-жайлар айыпталушының  жазасын жеңілдетуге мүлдем келмейді. Егер Қуандық Бишімбаев азаматтық некедегі жары Салтанат Нүкенованың   өліміне ойламаған жерден себепші болса, сол сәтте бірден жедел жәрдем шақырып, мына жағдай  абайсызда болды деп кешірім сұраса, мен ешқашан мұндай қадамға бармас едім деп ант-су ішсе мүмкін жәбірленуші тарап  кешірер меді. Толық кешірмеген күннің өзінде  кінәлі азаматты 20 немесс 10 жыл бас бостандығынан айырса да  үндемес еді деп ойлаймын.

  • Адвокаттардың міндеті қорғаушысын ақтап шығу. Немесе

барыншы кінәсін азайтуға тырысу. Бұл жолы оларға мұндай

мүмкіндік беріле ме?

  • Қорғаушылар кінәсін жеңілдете алмайды. Себебі медициналық

сараптама қорытындылары көрсетіп тұр. Жәбірленуші ауыр соққыдан көз жұмағаны айдан анық.

  • Қуандық Бишімбаев бұған дейін жемқорлық іс-әрекеті үшін

сотты болғанын барлығымыз білеміз? Бірақ бас бостандығынан айыру оның түзу жолға түсіп, саналы азамат ретінде өмірін жалғастыруына негіз бола алмаған сыңайлы?

– Иә, кезінде ұлттық экономика министрі лауазымын атқарған Қ. Бишімбаев  2018 жылғы наурызға дейін созылған сот ісінің нәтижесінде жемқорлық  үшін 10 жылға сотталды. Ол қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеуі тиіс еді, алайда арада бір жарым жыл өткенде түрмеден бостандыққа шықты.   Мұның өзі Қ. Бишімбаевтың заң алдында жауапсыздығын күйшейте түскен болуы мүмкін.

 – Сұхбаттасқаныңыз үшін, рақмет!

Соңы.