ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ӘЛЕУМЕТТІК ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАЙДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Отбасының цифрлық картасы отбасылардың (адамдардың) тізімдерін олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейіне қарай қалыптастыруға және сегменттеуге мүмкіндік береді. Отбасылардың әл-ауқатының деңгейін анықтау әдістемесінің негізінде олардың өмір сүру деңгейі бағаланады. Қолданыстағы проблемаларға байланысты отбасының (адамның) әл-ауқатының деңгейін бағалауды анықтағаннан кейін мемлекеттік органдар әлеуметтік қолдауды ұсынады. Бүгінгі таңда отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік төлемдерді алу құқығы туралы 777 мыңнан астам хабарлама жіберілді, оның ішінде 447 мың азаматқа қолдау шаралары ұсынылды. Осылайша, уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде ішкі істер органдары оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Дегенмен, жүйелік проблемалар бар, оларға мыналар:

1) заңнаманың жетілмегендігі, әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесіндегі құқықтық олқылықтар;

2) тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы субъектілері мен көмек көрсету жөніндегі ұйымдар,

3)қызмет алушылардың нақты қажеттіліктерін және көмек көрсету жөніндегі ұйымдардың шығындарын бағалауды ескере отырып, дағдарыс орталықтарын қаржыландыру тетіктерінің реттелмеуі;

4) көмек көрсету жөніндегі ұйымдар қызметкерлерінің төмен әлеуметтік мәртебесі мен жалақысы;

5) көмек көрсету ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша бірыңғай оқыту стандарттарының болмауы;

6) дағдарыс орталықтары қызметінің жүйелі мониторингінің болмауы;

7) құқық бұзушыларды (агрессорларды) қайта әлеуметтендіру жөніндегі әлсіз жұмыстар жатады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасыдың мұндай субъектісінің бірінші кезектегі міндеті осы құбылыстарды ерте анықтаудың тиімді тетігін қалыптастыру, отбасындағы зорлықзомбылықтан зардап шеккендермен, өмірлік қиын жағдайдың туындау қаупі бар адамдармен, заңға қайшы келетін кәмелетке толмағандармен және жастармен жұмыс істеудің барабар нысандары мен әдістерін таңдау болуы мүмкін.