ОТБАСЫ МӘСЕЛЕСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫНЫҢ БІР БӨЛІГІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Отбасындағы зорлық-зомбылық көптеген елдердің өзекті мәселесі ретінде танылады және халықаралық ұйымдардың назарында. БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл сайын 14 жасқа дейінгі 2 миллионға жуық бала ата-анасының озбырлығынан зардап шегеді. Европа одағы елдерінде әрбір бесінші әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. Халықаралық қоғамдастық отбасындағы зорлық-зомбылықтан қорғауды әлеуметтік бағдарланған мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі ретінде қарастырады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық адам құқықтарын бұзу ретінде ғана емес, мәселен бірге отбасының дамуына кедергі келтіретін және қоғамдық құндылықтарды бұзатын фактор ретінде де қабылданады. БҰҰ Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты «жыныстық қатынас негізінде жасалған кез келген зорлық-зомбылық» деп анықтайды. Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы зерттеулер мынадай:
1) әлеуметтік-экономикалық факторлар (жұмысқа орналасудың қиындығы, тұрғын үйдің болмауы, жалақының төмендігі және т.б.);
2) құқықтық шаралар;
3) білім мен ағартудың төмен деңгейі;
4) жаман әдеттер;
5) гендерлік теңдіктің төмен деңгейі;
6) ерлер мен әйелдерге еңбекақы төлеудегі алшақтық;
7) еңбек нарығында әйелдердің «ерлер» кәсіптеріне қолжетімділігін шектей отырып, көлденең және тік сегрегация;
8) экономиканың дәстүрлі және төмен ақы төленетін секторларындағы әйелдердің салыстырмалы шоғырлануы және т. б. тәуекел топтарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Мемлекеттік отбасы саясат Қазақстанның әлеуметтік саясатының бір бөлігі болып табылады. Оның мақсаттары отбасыларды қолдау, нығайту және қорғау, отбасылар мен олардың мүшелерінің физикалық, интеллектуалдық, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін қажетті жағдайлар жасау, ана, әке және баланы қорғау болып табылады.