ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысының барлық аймақтарында полиция қызметкерлері жаңа оқу жылының басталуына байланысты мектептерді аралап, оқушылармен құқықтық сауаттылық, құқықтық мәдениет және бала құқығы бойынша түсірдірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ түнгі рейд жұмыстарын ұйымдастырылып, жасөспірімдердің қауіпсіздігі үшін қадағалау, түсіндірме жүмыстары да атқарылып жатыр. Қазіргі таңда қоғамды толғандырып отырған мәселелердің бірі бұқараның құқықтық мәдениетін көтеру болып отыр.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың шығуына бірнеше себептер бар. Ол кейбір ата-аналардың бала тағдырына бей-жай қарауы. Мұндай ата-аналар оларды өз үйде беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос уақыттарын қадағаламайды. Осылайша өз еркімен емін еркін жүріп үйренген бала қоғамда өзі білгенін істеуге тырысады. Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың болуына осындай факторлар әсер етеді.
Бүгінде баланың сана сезіміне қатігездің жауыздық, өшпенділік секілді қасиеттердің орнығуына компьютерлік ойындар мен мультфильмдер де айырықша ықпал етіп тұр. Онымен қоса сан қоғам дертіне айналған арақ-шарап, есірткі, темекі, түнгі ойынханалар да жастардың ойын жылдам улайтын дүниелер. Толық емес отбасы проблемасы тағы бар. Кейбір отбасыларда болатын жиі ұрыс-керістен жасөспірімдер қылмысқа біртабан жақын болады. Олар ата-ана қамқорлығынсыз қалады.
Психолог мамандардың зерттеуіне жүгінсек, баланың саналы азамат болып қалыптасуына оның жанұяда, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері мен естігендері, қарым-қатынасы ерекше орын алады. Ал сабақтан тыс уақыттарда, оқудан тыс мезгілдерде демалысының дұрыс ұйымдастырылмауы, көшедегі келеңсіз оқиғаларың көптігі жасөспірімдердің қылмыс жасауына әкеп соқтыруы анық. Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған.