Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің бастамасымен құқықтық ағарту мақсатында Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылында 11 сынып оқушыларымен балалар мен жастардың құқықтары бойынша кездесу өткізілді.
Жиынға Уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілінің жанындағы құрылған сараптамалық кеңес мүшелері Жұмақов Талғат Бейсенбекұлы, Дарханбаева Лайла Орынбаевна, сонымен қатар Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам әлеуметтік орталығының өкілі және Созақ АПБ Әйелдерге қатысты зорлы-зомбылықтық тобының инспекторы полиция майоры Манапова Айжан Қалмаханқызы қатысты.
Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың Түркістан облысы бойынша өкілдігінің бас маманы қатысушыларға Адам құқықтары жөніндегі Уәкілі қызметімен міндеттері туралы айтып, бұзылған құқықтары бойынша Өкілдікке жүгіну құқықтары туралы хабарландырды.
Оқушыларға балалардың құқықтарын қорғауға және қамтамасыз етуге бағытталған маңызды заң қабылданғанын айтылып, олардың құқықтары туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы бұзақылықтың, жасөспірімдер суицидінің, әлімжеттік, қылмыстық фактілер мен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары талқыланды.
Жиын соңында қатысушылар семинар-тренинг бойынша өз пікірлерін білдірді.
Анықтама үшін: Ұлттық орталық пен оның өкілдіктерінің өкілеттіктерінің құқықтары:
Уәкілдің қызметіне байланысты құжаттарды, материалдар мен мәліметтерді мемлекеттік органдардан, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарынан, өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардан сұрату және алу;
азаматтарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыра отырып қабылдауды (бірлескен қабылдауларды) ұйымдастыру;
Уәкілдің және оның өкілдерінің, Ұлттық орталықтың немесе оның өкілдіктерінің атына түскен жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын немесе өзге де жолданымдарын қарау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
(Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 30 маусымдағы № 948 Жарлығына сәйкес Ережеден.)