ПОЛИЦЕЙЛЕР КӨШЕ АРАЛАП, ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕЛЕФОНДА АЛАЯҚТАРМЕН СӨЙЛЕСУДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІН ТҮСІНДІРІП ЖҮР

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының тәртіп сақшылары «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Қоғамдық орындағы қауіпсіздік» және «Ауладағы кездесу» профилактикалық іс-шаралары өткізіп жатыр. Бұл шаралар туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы ақпарат бөліскен.

Аталған «Қоғамдық орындағы қауіпсіздік» іс-шарасы аясында Шымкент қалалық полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Жолдауында айтқан қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі саналатын «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында елімізде заң үстемділігі мен әділдікті сақтауда, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, «Ауладағы кездесу» республикалық акциясы аясында Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Оңласбек Алғибаев Еңбекші аудандық полиция басқармасы Жергілікті полиция қызмет бөлімініне қарасты №42 учаскелік полиция пунктінің әкімшілік аумағындағы тұрғындарымен кездесіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, интернет-алаяқтықтың тіркелген фактілері туралы айтып, телефон алаяқтарымен сөйлесудің негізгі ережелерін жеткізді.

Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға, есірткі заттарының таралуына жол бермеу және қауіпті нарко-граффити жарнамаларын жою бойынша қажетті ақпаратты жеткізді.

Мұндағы басты мақсат – қоғамдық тәртіпті сақтауды және көшелердегі профилактиканы күшейту, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, құқықтық кеңестер беру, қоғамдық орындарда, саяжайларда, құрылыс объектілерінде, базарларда, шаруа қожалықтарда, жалдамалы пәтерлерде, шалғай жерлерде тексеру жұмыстарын жүргізу. Сонымен қатар, маскүнемдер, нашақорлар, қолайсыз отбасылар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, – дейді Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Оңласбек Алғибаев.