ПРЕЗИДЕНТ МАСС-МЕДИА ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Масс-Медиа» туралы заңға қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, енді отандық өнімнің үлесі артады. Есесіне, шетелдік бағдарламалардың саны 20 пайыздан 10 пайызға дейін  қысқарады. Тағы бір жаңашылдық енді бұқаралық ақпрат құралдарында балалар контентіне ерекше көңіл бөлініп, басылымдарға гранттар  берілетін болды. Бүгінгі таңда  балалардың кітапқа, газет, журналдарға деген қызығушылығын дамыту қоғамдық мәселеге айналды. Өйткені жастар сөзге шорқақ, ойын еркін жеткізе алмайды. Онымен күресудің жалғыз жолы қазақтың шұрайлы, сөздік қоры бай көркем әдебін таныту.  Оған қызықтыратын бірден-бір коммуникация құрал  балаларға арналған басылымдары болып отыр. Жаңа заң осы жағынан келгенде келешек ұрпақ тәрбиесіне зор ықпал етпек.

Сондай-ақ «Масс-Медиа» туралы заңға сәйкес журналистердің ақпарат алуы жеңілдейді. Журналист сұраған ақпараттық сауалға 5 күннің ішінде жауап берілуі тиіс. Ал жарияланған материалға бір жылдан кейін ешкім сотқа шағымдана алмайды. Шұғыл ақпаратқа жауапты мекеме 3 сағаттың ішінде жауап беруге міндетті. Құжатта «БАҚ» сөзі «Масс-медиа» сөзімен ауыстырылған.

Заңдағы тағы бір өзгеріс мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты. Бұдан былай мемлекеттік емес БАҚ құралдарына мемлекеттік грант беріледі. Интернет-басылымдар барлық дәстүрлі БАҚ сияқты міндетті түрде есепке қойылады.

Соңғы жылдары қоғамның алаңдаушылығын тудырған жәйттің бірі азаматтардың өз-өзіне салу оқиғаларының жиіліп кеткені болатын. Осыған орай енді бұқаралық ақпарат құралдарында суицид туралы ақпарат таратуға тыйым салынады.

Жаңа Заңға «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» заңдардың негізгі ережелері енді. Аталған заңдар алдағы уақытта күшін жояды.

Естеріңізге  кетейік, «Масс-медиа туралы» заң журналистер мен қоғам арасында 2 жыл бойы талқыланды. Бастапқыда  дау тудырған «Баспасөз картасы» құжаттан мүлдем алынып тасталды.