ПРЕЗИДЕНТ ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖАЗАНЫ КҮШЕЙТЕТІН ЗАҢҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Қоғамдағы ұзақ талқылаулар мен Парламенттің қос палатасының мақұлдауымен ел Президенті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды. Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралатын болды. Заңға сәйкес, іс қозғау үшін жәбірленушінің арызы қажет емес. Полиция қызметкері әлеуметтік желідегі, ақпарат құралдарындағы дәлелдерге сүйе отырып, тергеу жүргізе алады. Сонымен бірге, заң жобасында агрессорды тәртіпке салу нормалары қамтылған. Оны өз отбасынан бір айға бөлектеп, жағдай ушықса үш айдан бір жылға дейін байланысуына тыйым салынады.
Заңда отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті болады.
Балалардың қауіпсіздігі мен құқығы да ерекше назар алынған. Бұдан былай елімізде 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды. Яғни кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіліп отыр. Білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасөспірімдер немесе оларға жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті болады.
Заң жобасы 11 сәуір күні Сенаттың жалпы отырысында талқыланып мақұлданды. Депутаттар қызу пікірталас тудырған құжат бойынша бірқатар кездесу өткізіп, жүздеген өтініш қаралды.