Түркістан облысында пробация қызметі есебінде тұратын сотталған азаматтарды мобильді топ арқылы полиция бөлімінің ЖПҚ УПИ-мен және пробация қызметкерлерімен жүйелі түрде тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осындай шараның бірі Төлеби ауданы прокуратурасының үйлестіруімен өтті.
Тексерудің мақсаты сотталғандарды қоғамға бейімдеу, қайта қылмыстың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке төзбеушілік ахуал қалыптастыру болып отыр.
Ал Қазығұрт ауданында прокуратураның бастамасымен пробация есебіне алынған 90 азаматтың үй-жайы тексерілді. Рейдтік іс-шара барысында барысында 2 сотталушының есепке алынған тұрғылықты мекен-жайында болмағаны, пробация есебіндегі тағы 1 сотталушының алкогольді ішімдік ішіп, масаң күйде қоғамдық орында жүргені анықталды. Оларға ескерту шарасы қолданылды.
Сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағытында Бәйдібек ауданында да тұрақты жұмыстар жүргізілуде.Пробация есебінде тұрған Шаян ауылындағы №19 колледж студентінің анасына аталған колледж ұжымы жұмыс орнын ұсынып, тұрғын жаймен қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, есепте тұрған кәмелетке толмағанды спортқа баулу мақсатында Шаян ауылындағы №3 Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар және жасөсіпірмдер спорт мектебіне дзюдо үйірмесіне тіркеді. Бұл олардың салауатты өмір салтын ұстанып, қалыпты өмір сүріне ықпал етпек.
Ал, Ордабасы ауданы прокуратурасының бастамасымен полиция, білім бөлімі, және аудандық әкімшілік қызметкерлерінің қатысуында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында оқушылармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасында қылмыстық құқық бұзушылық (жыныстық тиіспеушілік, өз-өзіне қол жұмсау, лудомания, бұзақылық, ұрлық, нашақорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар) пен сабақтан тыс уақытта оқыс оқиғадан қорғау және алдын алу шаралары түсіндірілді.
Сондай-ақ, кездесу соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.