САЗ БАЛШЫҚ ЖАСАУ ӨНЕРІ – ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚОЛӨНЕРІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Саз балшық – табиғаттың өзінен алынған және қолдан жасау арқылы әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасау үшін қолданылатын материал. Қазақ халқының ежелден келе жатқан қолөнер түрлерінің бірі – саздан жасалатын бұйымдар. Бұл өнер түрі қазақтың тұрмыс-салтымен тығыз байланысты және ол халықтың мәдениетінің айнасы ретінде танымал.

Саз балшықтың ерекше қасиеті бар. Саз балшық – табиғи материал. Оның құрамында минералдар мен органикалық қосылыстар бар, бұл оны термиялық өңдеуден өткізген кезде беріктік пен ұзақ мерзімділік қасиеттерімен ерекшелендіреді. Саздың қасиеттері әртүрлі, бірақ негізінен ол жеңіл өңделетін, пластикалық қасиеттері мол, су мен отқа төзімді болып келеді.

Саздың түрлі түстері бар, олардың ішінде сұр, қызғылт, сары және қоңыр түстері кеңінен қолданылады. Қазақ шеберлері өздерінің дәстүрлі өнерінде әртүрлі саз түстерін қолдана отырып, көздің жауын алатын әсем бұйымдар жасаған.

Саз балшықтың қолданылуына қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Саз балшықтан жасалған бұйымдар қазақ халқының тұрмысында кеңінен пайдаланылған. Әсіресе, керамикалық ыдыстар, сазды мүсіндер мен сәндік бұйымдар әрбір қазақ отбасының қажеттілігіне айналған. Саздан жасалған бұйымдардың ең негізгі түрлері – су құйғыштар, қымыз бен айран сақтайтын ыдыстар, шай қазан, т.б.

Саздан жасалған бұйымдар тек тұрмыстық мақсатта ғана емес, сонымен қатар діни және мәдени мақсатта да қолданылған. Мысалы, саздан жасалған түрлі фигуралар мен бейнелер, өз дәуірінің рухани өмірін көрсететін мәдени ескерткіштер ретінде маңызды орын алады.

Саз балшық жасау технологиясы өнер ретінде құрметтеледі. Саз балшық жасау – жоғары шеберлікті қажет ететін, әрі ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалған өнер түрі. Әрбір шебер сазды арнайы тәсілмен дайындап, өңдеу арқылы қажетті пішінге келтіреді. Саз балшықты шеберлер алдымен қолмен немесе арнайы құралдармен илеп, содан соң түрлі формаға келтіреді. Бұдан кейін, дайындалған бұйымды жоғары температурада күйдіру қажет.

 

Күйдіру процесі – сазды қышқа айналдырудың ең маңызды кезеңі. Осы кезде материал қатайып, су өткізбейтін қасиетке ие болады. Қазіргі уақытта саз балшық жасау процесі көбінесе технологиялық жабдықтармен жүзеге асырылса да, дәстүрлі тәсілдер де сақталған. Шеберлер өздері жасайтын бұйымдарды сәндік ою-өрнектермен әшекейлеуді ұмытпайды, бұл олардың өнеріне қосымша көркемдік мән береді.

Саз балшық жасау өнерінің мәдени рөліне тоқтсалсақ. Саз балшық жасау өнері қазақ халқының рухани және мәдени мұрасы болып табылады. Ол тек тұрмыс құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың дүниетанымын, сенімдері мен әдет-ғұрыптарын көрсететін белгі ретінде қарастырылады. Сазды бұйымдарда қазақ халқының дүниеге деген көзқарасы, оның әсемдікке деген талғамы, өнерге деген ықыласы көрініс тапқан.

Қазіргі уақытта саз балшық жасау өнері заманауи өнер түрлерімен тығыз байланыс орнатуда. Бұл өнер түрі жастар арасында да қызығушылық тудыруда, себебі ол қолмен жасалатын өнер болып, шығармашылыққа жол ашады. Әрбір бұйым өзінің бірегейлігімен ерекшеленіп, дәстүр мен заманауи эстетиканың үйлесімі болып табылады.

Қорытындылай келсек, саз балшық жасау – қазақ халқының ең көне әрі бағалы қолөнер түрлерінің бірі. Бұл өнер арқылы халқымыздың тұрмысы мен мәдениетінің айқын көрінісін көруге болады. Саздан жасалған бұйымдар қазіргі таңда да құнды мәдени мұра ретінде сақталып, еліміздің ұлттық мәдениетін насихаттауға маңызды үлес қосуда. Қолөнер шеберлерінің еңбегі, дәстүрлі тәсілдер мен заманауи әдістердің үйлесімі арқылы саз балшық жасау өнері мәңгі сақталатын, келешек ұрпаққа мұра болып қалатын мәдени құндылық болып табылады.

 

Д. Қосмұрат

Шымкент қалалық музейлер бірлестігінің экскурсия жүргізушісі

Көрнекі фотосурет ашық интернет көзінен алынды.