САМАРҚАННЫҢ «ЛӘЙЛІ-МӘЖНҮНІ» ШЫМКЕНТ САХНАСЫНДА
-
Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
Самарқан театрының «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы Шымкент сахнасында қойылды. Шымкент қаласында өтіп жатқан Орталық Азия елдері театрларының ІX Халықаралық фестивалі көрермендерді тамаша қойылымдармен қуантуды жалғастырып келеді. «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымы туралы ақпаратты Шымкент қалалық Өңірлік коммуникациялар қызметі орталығының фейсбук желісіндегі парақшасы бөлісті.
Қойылымдар легін Самарқан облыстық музыкалық драма театры көрермендерге Әлішер Науаидің мәңгілік махаббат дастаны – «Ләйлі-Мәжнүн» қойылымын ұсынды.
Ұлы шайырлар – Дехлеви, Жәми, Науаи, Физулиге шабыт берген, махаббаттың мәңгілік және қайғылы болмысын ашқан дастанның мазмұны көрермендерге терең әсер қалдырды.
Спектакльдің қоюшы режиссері – Асқар Холмуминов осы туынды арқылы көрермендерге мәңгілік махаббат пен қайғы-қасіретке толы трагедиялық-метафоралық хикаяны шынайы жеткізуге тырысты. Бұл қойылым көрнекті Шығыс әдебиетінің асыл мұрасы саналатын «Ләйлі-Мәжнүн» дастанының құдіретін жаңаша ашып, Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық қазақ драма театрының 95 жылдық мерейтойына арналып қойылды.