СОТ АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСЫНА ҚАЙТА ОРНАЛАСТЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облыстық сотының оқу орталығының базасында кеңейтілген кездесу өтті.  «Сот орындаушылардың әкімшілік актілеріне, әрекеттеріне және әрекетсіздігіне дау айту бойынша өзекті мәселелері» тақырыбында өткен жиында облыс сотының және мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьялары, облыс прокуратурасының басқарма басшысы, Әділет департаментінің сот актілерін орындау жөніндегі орынбасары және 60 жеке сот орындашылары қатысты.

Жиынға төрағалық еткен Түркістан облыстық соты төрағасы А.Сұлтанов осы санаттағы істердің саны арта түскенін назарға сала отырып, бұл кездесудің мақсаты осындай дауларды мейлінше азайту, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының бұзылмауы жөніндегі шараларды түсіндіру екеніне тоқталып, сөз кезегін баяндамашыларға берді.

Баяндамашы Б.Байдаулетов Түркістан облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының және Түркістан облысы атқарушылық округінің жеке сот орындаушыларымен 2024 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарын қатысушылар назарына жеткізді.

Ал, баяндамашы М.Ташев сот орындаушылардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуда кездесетін мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының осы санаттағы істердің статистикалық мәліметін жеткізді.

Сот орындаушыларының атқарушылық құжаттарды орындау кезінде іс жүргізудің тараптардың арыздарына жауап бермеу туралы әрекетсіздігі, алимент берешегін анықтау туралы қаулыны қабылдау кезінде алимент берешегін дұрыс есептемеу, атқарушылық іс жүргізуді негізсіз қайтару және негізсіз қысқарту, атқарушылық іс жүргізудің тілін бұзу атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде шараларды қабылдамау кемшіліктері анықталып жататынын түсіндірді.

Семинарға қатысушылар өз пікірлерін айтып, қызықтырған сұрақтарына жауаптарын ала алды. Сонымен қатар, осындай дауларды мейілінше азайту шараларын қабылдау жөнінде ортақ шешіміне келді.