СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ РЕФОРМАЛАР

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Елімізде сот жүйесін жаңғырту  әділетті және құқықтық мемлекетті қалыптастыру мақсатындағы  маңызды қадамның бірі болып отыр. Құқықтық жүйесінің жұмысын реформалау азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіру, сот төрелігін әділ атқаруға және мемлекеттің тұрақты дамуына жағдай жасаумен бірге қоғамның әділеттілікке деген сенімін қайта қалыптастыруды көздейді. Осы мақсатта қабылданып жатқан заңнамалық және институтционалдық өзгерістер сот билігінің дербестігін күшейтіп,  азаматтардың құқық қорғау ісін жаңа, сапалы деңгейге көтеруде.

Сонымен соңғы жылдары сот жүйесінде болған өзгерістерді айтып шықсақ.

  • 2021 жылдан бастап елімізде әкімшілік Әділет жұмыс істей бастады.

Бұл мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) көңілі толамаған азаматтардың шағымы мен  дауларын шешетін сот органы. Әкімшілік сот ісін жүргізу ерекшеліктерінің бірі — әкімшілік  іс  талап қоюды беру арқылы іс жүргізуге қабылданады. Сонымен қатар, әкімшілік сотта жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру мақсатында даулар қаралады. Әкімшілік сот ісін жүргізудегі айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — соттың белсенді ролі. Әкімшілік сот ісін жүргізудің тағы бір ерекшелігі — сот шешімінің орындалуына бақылау болып табылады.

  • 2024 жылы сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын қамтамасыз ету

және судьялардың кәсіби деңгейін арттыру мақсатында Парламент сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Коститутциялық заң жобасын  әзірледі. Заң жобасына енгізілген түзетулер үш блокқа бөлінеді: Сот жюриі жұмысын жақсарту, Сот төрелігін жүзеге асыру сапасы жөніндегі комиссия қызметін өзгерту және судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде олардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту .

  • Апелляциялық соттар істерді кері қайтаруын тоқтатты. Олар алғашқы

сатыдағы соттың ережелеріне сәйкес шағымдар мен дауларға түпкілті шешім шығарады.

  • Сондай-ақ судьяларға көрсетілетін әкімшілік қысымның барлық

тетіктері алынып тасталды.  Осы арқылы құқық қорғау органдары, күштік құрылымдардың  ықпалы түбегейлі жойылды.  Бұған дейін судьялардың жұмысына түрлі жолдармен қысым көрсетіп келгендердің іс-әрекеті шектелді. Судьялардың да жауапкершілігі артты.  Әрбір сот актісі жіті зерделеніп, егер онда судья өрескел қателік жіберсе, сот алқасымен тексерілетін болды.

  • 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық сот төрағалары сайлау

тәртібімен бекітілетін болды.  Яғни лауазымды орынға   үміткерлерді судьялардың өздері жасырын дауыс беру арқылы таңдау құқына ие болды. Бұл ең бастысы ашықтықты қамтамасыз етті. Және білікті мамандардың мансаптық өсуіне жол ашты.

  • Сот жүйесін цифрландыру ісі де қарқын алды. Жасанды интеллект

пен интеллектуалды аналитикалық жүйелерді сот тәжірибесіне енгізу, жаңғырту, медиация мен қоғамдық бақылау тетіктерін дамыту, ұлттық заңнаманы халықаралық құқықтық стандарттармен үйлестіруге жол ашады. Мәселен, бүгінгі таңда IT технологияларды пайдаланып,  сот істерін  онлайн форматта қарала бастады. Бұл ең алдымен жүктемені азайтуға ықпал етті. Бұл бағыттағы жұмыстың бірі   жеңілдетілген іс жүргізу тәртібін кеңінен қолдану, татуластыру рәсімдері, оның ішінде медиация арқылы дауларды шешу, сондай-ақ кейбір істер бойынша нотариустардың атқарушылық жазба жасау өкілеттігін енгізу – осының барлығы соттардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

  • Жоғарғы Сот кеңесінің мәртебесі нығайды. Судьялыққа

кандидаттарды даярлау, біліктілігін арттыру, шекті жасты ұзарту, қолданыстағы судьялардың өкілеттіктерін тоқтата тұру және тоқтату мәселелері Кеңестің қарауына берілді.

  • Осы жылдың 1 шілдесінен бастап кассациялық соттар іске қосылады.

Бұрынғы кассациялық өтініштерді алдын-ала қарау тәртібі Жоғарғы Сотқа жергілікті соттардың барлық сот актілерін қайта қарауға мүмкіндік бермеді.

Міне осы секілді сот саласында жасалған бірқатар реформалар соттардың қателіктері үшін жазаны қатаңдатып, екінші жағынан судьялардың тәуелсіздігін  күшейтті. Судьяларды іріктеу және тағайындау  ісінде ашықтық пайда болып, жақсара түсті. Қазақстанның сот реформасының маңызды көрсеткіштерінің бірі енді электрондық сервистер енгізіледі, Соның нәтижесінде онлайн-отырыстар өткізіледі, ал азаматтар цифрлық платформалар арқылы өз істерінің барысын қадағалай алады.

Сот саласында жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін Түркістан облыстық сотында 2025 жылдың I жартыжылдығын қорытындысынан да аңғаруға болады.  Бо

  • Қылмыстық істер өткен жылмен салыстырғанда 5%-ға кеміген;
  • Азаматтық істер өткен жылмен салыстырғанда 23,3%-ға кебейген, оның ішінде басым көпшілігі шарттық міндеттерден туындайтын даулар және отбасылық қатынастардан туындайтын даулар болып ортыр;
  • Татуласу рәсімдерінің пайызы 2,9 %-ға кеміген;
  • Әкімшілік істер өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға кеміген.