СОТ ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚҚА ҚАТЫСТЫ ІСТЕ ҚЫЛМЫСКЕРГЕ 7,5 ЖЫЛ БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ТУРАЛЫ ЖАЗА КЕСТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты интернет-алаяқтыққа байланысты сотталушы И. деген азаматқа қатысты қылмыстық істі қарап, азаматтық талаптарды қанағаттандырды. Бұл жөнінде Қалалық соттың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы ақпарат таратып отыр.

Сотталушы И. деген азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігінің 2) тармағымен (бірнеше рет ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау) айып тағылған. Істі қарау нәтижесінде И. деген азамат 2023-2025 жылдар арасында Шымкент қаласында бірнеше рет тоғыз жәбірленушіге арзан бағада автокөлік алып беремін деп алдауына түсіріп, олардың сенімдеріне кіріп, алаяқтық жолымен олардың ақшасын иемденген. Тергеу барысында сотталушының кінәсі дәлелденді. Сотталушыға тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттар арқылы дәлелденді.

Сот процесі кезінже мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан прокурор сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 74-бабы бойынша тағайындалған жазаны 1 жылға кейінге қалдыруды сұрап, ұстанымын білдірген. Жәбірленушілер сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды және азаматтық талап арыздарды қанағаттандыруды сұрады. Сотталушы өзіне ең төменгі мерзімде жаза тағайындауды және оны орындауды 5 жылға кейінге қалдыруды сұрады.

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындауын, 3 кәмелетке толмаған баласының болуын ескерді, ал ауырлататын мән-жайлар ретінде бұрын сотталғаны, әрекетінде қылмыстардың қайталануы және залалдың өтелмеуі назарға алған. Нәтижесінде, Сот, И. деген азаматтың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 74-бабы бойынша жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдырылды.

Осылайша, азаматтық талаптар қанағаттандырылды. Қазірше Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.