СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАУЛЫЛАРЫН САНКЦИЯЛАУ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысының Арыс аудандық сотында аудан көлеміндегі жеке сот орындаушылармен “Сот орындаушыларының атқару істерінің сапасы мен біркелкі жіберу мәселесі” дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында сот орындаушылардың қаулыларының санкциялау бойынша орын алған кемшіліктер баяндалды. Және ондағы жіберілген ағаттар бойынша түсіндірме жұмысы жүргізілді. Оның ішінде айырықша тоқталатын болсақ,  сотқа өткізілген ұсыныстардың сапасы туралы. Яғни  түпкілікті сот актісі қай тілде шығарылған болса, сол тілде ғана ұсыныстар өткізілу керек. Сондай-ақ  қаулыда толық көрсетілмеген уәждер, сотпен санкцияланғаннан кейін сот актісі болып есептелетінін, сондықтан бас тарту фактілерін азайту мақсатында сапаға көңіл бөлу қажеттілігі түсіндірілді.

Мұнан бөлек Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы” Заңында көзделген санкциялау және шектеу қою баптары бойынша да аталған кемшіліктерге тоқталып, түсіндірілді. Өйткені  қазіргі кезде  қоғамда сот орындаушылар қызметінің маңыздылығы арта түсуде.

«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылардың мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 124 – бабына сәйкес мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжат толық орындалғаннан кейiн борышкерге өндіріп алынған соманың немесе мүлiк құнының он пайызы мөлшерiнде немесе мүлiктiк емес сипаттағы атқарушылық құжаттар бойынша жеке адамдардан он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде және заңды тұлғалардан жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде мемлекет кірісіне атқарушылық санкциясын ерікті түрде төлеуді ұсынады. Борышкер бас тартқан жағдайда мемлекеттік сот орындаушысы борышкерден атқарушылық санкциясын өндіріп алу туралы шығарылған қаулы негізінде атқарушылық санкциясын өндіріп алады

Жиын соңында тараптардың ұсыныстары тыңдалып,  туындаған сұрақтар талқыланды.