СУИЦИД – ЕҢ АУЫР КҮНӘЛАРДЫҢ БІРІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

«Жас мамандарды экстремалды жағдайларда өзін-өзі реттеу мен стресстік күйдің алдын-алу». Түркістан облысы Полиция департаментінде  осындай тақырыпта инспектор-психолог, полиция капитаны Айгерім Исаева мен полиция аға лейтенанты Жансая Байкенженің ұйымдастыруымен  семинар-тренинг өтті. Ерекше форматта өткізілген семинар-тренингке Түркістан полиция департаментінің аппарат құрылымы, Түркістан қалалық полиция басқармасы мен Кентау қаласынан келген 50-ге жуық жас қызметкерлер, олардың тәлімгерлері қатысты.

Семинарға өз тәжірибелерімен бөлісуге Түркістан облысы полиция департаменті және Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкідегі полиция полковнигі Оспанғазы Жанқожаев, Шымкент қалалық полиция департаментінің инспектор-полиграфологы, полиция капитаны Феруза Аматаева, полиция майоры Ақерке Тастемирова және полиция капитаны Балжан Тұрар арнайы шақыртылды. Аталған спикерлер жас тәртіп сақшыларына қиын да қауіпті жұмыстарында асқан жауапкершілік пен шыдамдылық қажет екенін айта отырып, баяндама жасап,  тренинг жаттығуларын жүргізді.

Тәрбиелік мәндегі семинар-тренинг үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Суицид – ең ауыр күнәлардың бірі» және «Жас қызметкерлердің интеллектік психологиясын дамыту» тақырыптарында дәріс пен презентация көрсетілді. Ал екінші кезең тренинг-жаттығуларымен жалғасты. Тренингте белсенділік танытқан қатысушыларға ұпай ретінде жұлдызшалар таратылып, саны жағынан көп жинағандарға көтермелеу мақсатында тәтті сыйлықтар үлестірілді.  Қорытындылау мақсатында өткен үшінші кезеңде қатысушылармен кері байланыс орнату үшін сұрақ-жауап пен пікір алмасу жасалды.

Шара соңында полиция департаменті кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Асқаров сөз сөйлеп, семинарға келген қонақтарға Түркістан полиция департаментінің бастығы генерал-майоры Мұрат Қабденұлы Қабденовтың атынан «Алғыс хат» марапаттары мен киелі Түркістаннан естелік ретінде сыйлықтар берді. Сонымен қатар алдағы қызметіне мотивация ретінде 4 жас қызметкер «Алғыс хатпен» марапатталды. Қазақстан еспубликасы Ішкі істер министрілігі Алматы академиясының мамандары келді

Түркістан қаласына арнайы іс-сапармен М.Есполатов атындағы Алматы академиясының маманы, полиция майоры Әсем Қырғызбекқызы бастаған топ келді. Атап айтсақ,  олардың қатарында кафедраның профессоры полиция полковнигі Майя Тоқсанова, аға оқытушы полиция майоры Жұлдыз Сидашева, ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Лейла Култемировалар бар.

Білікті мамандар Түркістан облысының барлық қала, ауданы әкімдерінің орынбасарлары, полиция бөлімдерінің басшылары мен басқа да тиісті органдарды қатыстыра отырып, облыс әкімдігінде кездесу өткізді. Жиын барысында Түркістан облысы әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша құрылған ведомствоаралық топпен атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды.

Мәлімдемені Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Бегімхан Ахметов, Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы Бауыржан Жанаев жасады. Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды. Сондай-ақ полицияның сервистік моделі бойынша қылмыстың орын алуы, себеп-салдары мен оны болдырмау жолдарын анықтауда қажетті дамыған елдердің әдістері ұсынылды.

Бұл мамандар 4 күн бойы Түркістан өңірінде сервистік полиция моделіне көшу жұмыстары бойынша жасалып жатқан жобалармен танысып, пысықтайтын болады. Айта кететін жайт, полиция департаменті бастығының тікелей қадағалауымен соңғы жылдары Түркістан облысында полицияның сервистік модельге көшуі, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жедел және дамыған әдістерді қолдануы, цифрлық технологияны меңгеруі, қылмыстардың азаюы мен тосқауыл қойылуы бойынша жүйелі жұмыстар іске асырылуда.

Полицейлер оқушылармен нашақорлықтың алдын алу бойынша кездесу өткізді.

Түркістан облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Есірткіге жол жоқ!” тақырыбында маңызы зор іс-шара ұйымдастырды. Ауқымды шараға Түркістан қалалық полиция басқармасының ювеналды полициясы мен дәрігер-наркологтар жұмылдырылды. Семинарға Түркістан қаласында орналасқан №28 және №18 Ж.Еділбаев мектеп-гимназияларының мұғалімдері мен оқушылары қатыстырылды. Семинар барысында тәртіп сақшылары оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы туралы айтып берді.                                                    Полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды. Семинар соңында тәртіп сақшылары оқушылармен бірге есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған “Есірткіге жол жоқ!” парақшаларын қоғамдық орындарға іліп шықты.

 

«Open Kazahstan» ақпарат