СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ БОЙЫНША КЕҢЕС ӨТТІ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі Ерұлан Тұңғышбаев төрағалық етті.
Жиында Ерұлан Икрамұлы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері туралы Заңда қамтылған маңызды заңнамалық өзгерістеріне көптің назарын аударды.
– Атап айтқанда ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға тыйым салынды. Бұл өзгерістің ерекшілігі, біріншідер – мұндай қылмыстарды әлеуметтік осал азаматтардың жекелеген санаттарының жасалуы, екінші өзгерісі – ынтымақтастық туралы процестік келісімнің барлық шарттарын орындаған сотталғандарға қатысты.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды бірден қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесіне жіберу мүмкіндігін тоқтату. Бұл арқылы жемқорлардың артықшылықтары жойылды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар үшін сыбайлас жемқорлық үшін жаза күшейтілді,-деді департамент өкілі.
Сондай-ақ жиында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» ТБН-4 жобаларын орындау бойынша түсініктеме берілді. Жобалық басқару – бұл, ең алдымен лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін көрсетеді. Нақты нәтижелерге қол жеткізуде, сондай-ақ формализмнен алшақтауда көрініс тапқан институционалдық реформалардың маңызды кезеңі болып табылады. ТБН-4 шеңберінде мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысын ұйымдастыру сапасын арттыру үшін мүмкіндіктер молайып отыр.
Кеңес қорытындысында Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Нұрлан Тағаев сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық қылмыс істемеу үшін барлық мүмкін жағдайларды болдырмау, заңды бұзу фактілерінің алдын алу бойынша қажетті шаралар атқарылатынын айтты.