СЫРДАРИЯДАН ӨТЕТІН ҰЗЫНДЫҒЫ 500 МЕТРЛІК КӨПІР САЛЫНЫП ЖАТЫР

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Сырдария өзенінен өтетін ұзындығы 500 метрлік теміржол көпірі салына бастады. Бұл туралы бүгін ҚТЖ-ның фейсбуктегі ресми парақшасы ақпарат бөліскен. 
Бұл көпір Дарбаза – Мақтаарал бағытындағы жаңа 152 шақырымдық теміржол желісінің бір бөлігі. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Жаңа темір жол Сарыағаш – Ташкент бағытындағы жүктемені азайтып, экспорттық тасымалдарды арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Мақтаарал және Жетісай аудандарын еліміздің теміржол желісімен тікелей байланыстырып, Өзбекстан аумағы арқылы өту қажеттілігін жояды.
Бұл көпір жобасын жүзеге асыру үшін қазірдің өзінде 6 миллион текше метрден астам топырақ төселген. Бұл жалпы көлемнің 50%-ы. Жасанды құрылымдар орнатылып жатқан 152 шақырымдық аймақта 35 көпір және 135 құбыр жоспарланған. Арыс станциясында 105 шақырым рельс-шпал торы жинақталып, төсеуге дайын тұр. Құрылысқа 600-ден астам маман және 300-ден аса техника жұмылдырылған.
Айта кететін нәрсе, ҚТЖ темір жолының құрылысын 2026 жылы аяқтау жоспарланған.