ТЕМЕКІ ШЕГУ МЕН АЛКОГОЛЬДІ ТҰТЫНУДЫ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қазақстандық азаматтар жылына 8-10 милиардқа дейін темекі өнімін тұтынады. Осыдан он жыл, яғни 2013-2015 жылмен салыстырғанда соңғы жылдары ол 44%-ға өскен. Сарапшылар алкоголь мен никотинге тәуелділердің не үшін көбейіп жатқанын қандай себептермен байланыстыратынын да білмейді. Соған қарамастан күрес әлдеқашан қолға алынды және жалғасуда. Мәселен, темекі өнімдерінің өсуін қысқартатын негіздемелік конвенция бар, арнайы қоғамдық ұйымдарға бюджеттен ақша да бөлінеді. Түркістан облысы еліміздегі халық саны көп өңірлердің бірі екенін ескерсек, бұл мәселеге байланысты тұрғындардың да өзіндік көзқарасы қалыптасуға тиісті. Қауіпсіз ел қалыптастыруда мәселенің үлкен-кішісі болмайды. Ой салмақ үшін елдегі жалпы жағдайды сараптап көруге тырыстық. Мәліметтер не дейді?

Осыдан он жыл бұрын елімізде алкоголь мен шылымға қарсы шаралар үшін 200 миллион қаржы қарастырылған. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сүйенсек, осыншама сома темекінің зиянын хабарлау, оның алдын алу, қоғамдық орындарда темекіге деген теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. 2016 жылы шылым шегудің алдын алу бойынша 4 әлеуметтік тапсырыс орналастырған. Дәл осы жылы 61 үкіметтік емес ұйым жалпы бағасы 185 миллион теңгеден асатын 115 жобаны жүзеге асырған. Мұндай жұмыстар жылда жүзеге асады. Түркістан облысы бойынша осы тақырыптағы әлеуметтік жобалардың тапсырыс берушісі облыстық денсаулық сақтау басқармасы болып табылады. Сондай-ақ Жастар ресурстық орталыңында дүниежүзілік атаулы күндерге орай іс шаралар ұйымдастырылады. Тағы да деректерге үңіліп көрейік.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде ересек тұрғындарының шамамен 27%-ы белсенді темекі шегушілер болып табылады. Бұл елдің әрбір үшінші тұрғыны темекі тұтынатынын білдіреді. Сонымен қатар статистика көрсеткендей, Қазақстанда шамамен ерлердің 36%-ы және әйелдердің 19% -ы шылым шегеді.