ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел бірлігін нығайту, ұлттардың татулығы мен толеранттылық қоғамның басты күші екеінін ұдайы айтумен келеді. Оны тепе-теңдікте ұстап тұруда құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндет зор. Яғни тұтас қоғамның өзі осы органдармен жұмыла жұмыс атқарған кезде қоғамның татулығы мен бірлігін, қоғамның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ете аламыз. Әлеуметтік және этносаралық қақтығыстарды еңсеру, олардың алдын алу мен болдырмау жөніндегі жұмыс біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі болып қала бермек.
Этномедиацияның мақсаты этносаралық қатынастар мен жалпыұлттық бірлік аясында татулық пен келісімді сақтау. Медиаторлардың міндеті: халықтар арасындағы қандай да бір тұрмыстық жанжалдар мен дау-дамайлардың алдын алу. Қазақстандықтардың санасында бірлік, тұрақтылық, толеранттылық, патриотизм сияқты құндылықтарды қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатта Түркістан облыстық “Қоғамдық келісім “ КММ нің Сайрам аудандық филиалының ұйымдастыруымен келелі кездесу өтті. Жиынға аудандық Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанындағы медиация кеңесінің мүшесі, кәсіби медиаторы Өтегенова Жұлдыз Төлебекқызы, кәсіби медиатор Даванова Саера Мырзалиқызы, аудандық медиация кеңесі, ақсақалдар және аналар кеңесі мүшелері мен Сайрам аудандық полиция басқармасы қызметкерлері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.
Азаматтар медиациялық келісім жасауға негізінен отбасылық мәселелер, еңбек, әлеуметтік-тұрмыстық даулар бойынша жүгінеді. Медиаторлардың дер кезінде және жоғары біліктілікпен көрсеткен кәсіби көмегі көптеген дау-жанжалдарды өршітпеуге, тұрмыстық жанжалдардың алдын алуға жол ашты. Сондықтан кездесуде медиациялық келісімнің артықшылықтары мен тиімділіктері айтылды.