ТҮЙІТКІЛДІ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ҚАЖЕТТІ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына арнайы жұмыс сапарымен барып, жергілікті тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізді. Жеке кездесу барысында жер, құрылыс, жұмыспен қамту мәселелеріне байланысты тұрғындар тарапынан түрлі мәселелер көтерілді. Бұл бойынша әкімдікке қарасты басқармалармен әрқайсысы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болды. Жалпы алғанда Қазығұрт ауданында бүгінгі таңда ауыл шаруашылығының негізігі капиталына тартылған инвестиция көлемі көңіл көншітпей отыр. Осыған байланысты Дархан Сатыбалды аудан әкіміне инвестиция тарту жұмыстарын күшейтуді, ауыл шаруашылығы саласын жандандыруды тапсырды.
– Президентіміздің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын» іске асыру бойынша тұрғындардың ой-пікірлерін естіп, ауданды әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстарымен танысу біз үшін өте маңызды. Тұрғындармен кездесуде проблемалық мәселелерді шешу, олардың жолдарын қарастыруға күш салынады. Сондықтан біз аудандағы кейбір салалардағы кемшілікті жасырмай ашық айтып, олардың шешу жолдарын қарастыруымыз қажет. Қай салада көрсеткіштер төмендеп кеткен болса, соны көтеру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуіміз керек. Тазалық пен тәртіп – кез-келген қоғамның табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындардың мәдениеттілігінің өлшемі. Осыны есте сақтайық,-деді облыс басшысы аудан тұрғындарымен кездесуінде.
Аудан халқымен бұған дейінгі өткізілген қоғамдық қабылдау кезінде аймақтағы әлеуметтік мәселелер мен интернет байланысының нашарлығы сөз болғен еді. Осы түйіткілдерді шешу мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қазығұрт ауданында былтыр 35 жоба іске асырылды. Аудан орталықтарынан шалғай орналасқан 23 ауыл мектебіне АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысы орнатылды. Желі толық іске қосылып, интернеттің жылдамдығы жақсарды.