ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және профилактикалық  мақсатта  өңірдің барлық аудан қалаларында ауқымды кездесулер өтуде. деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Биылғы кезеңді Түркістан облысынының құқық қорғаушылары «профилактика» жылы деп жариялаған. Осы бастаманың аясында 17 аудандағы полиция бөлімдерінің басшылары құзыретті органдармен бірлесіп жастармен, ақсақалдармен, жергілікті тұрғындармен, мектеп ұжымдарымен, ата-аналармен және ойын-сауық мекемелерінің иелерімен кездесулер өткізуді бастады.

Алғашқы шара Ордабасы ауданынан басталды. Оған 400-ге жуық жергілікті тұрғын мен жастар қатысты. Басқосуда облыстағы полиция, прокуратура басшылығы, ауыл ақсақалдары, ел ағалары  мен  ұстаздар жастар тәрбиесіне қатысты өз ойларын айтты. Олар ауыл аймақтарда жастарды қолдау, идеологиялық шараларды күшейту, денешынықтырумен шұғылданатын спорт залдарының санын көбейту және жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша жұмыстарды ширатса деген тілектерін жеткізді.

Ал, Сайрамда аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, прокурор Дәулет Тілемісов, полиция басқармасы қызметкерлері және білім бөлімі қызметкерлері колледждің 300-ден астам студентімен кездесті. Жиында полиция басқармасының бастығы М. Ермеков, прокурор Д. Тілемісов сөз сөйлеп, жастар арасында заң бұзушылықтың алдын алу, идеологиялық шараларды күшейту туралы айтты. Полиция полковнигі Мұрат Мұхтарұлы кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының алдын алу кешенді мәселелерін әзірлеу-қылмыстың алдын алу жүйесіндегі маңызды бағыты екеніне тоқталды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты ескертуге, алдын алу жұмысына отбасын, жақын ортасын тарту керектігін атап өтті.