ТҮРКІСТАН БИЗНЕС ИДЕЯЛАР МЕН СТАРТ-АП ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫН
-
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Өңірдің кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайының дамуына өз әсерін тигізетін жаңа жобалармен таныстыру мақсатындаТүркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті кәсіпкерлермен еркін форматта кездесу өткізді. Басқосуда жас кәсіпкерлер құрылыс, логистика, фармацевтика салаларына инвестиция салуға ниетті екендерін жеткізді. Сондай-ақ Түркістан қаласындағы өндірістік паркте орналасқан жиһаз шығаратын кәсіпорын бағытын кеңейту туралы жоспарларымен бөлісті. Олардың іс-рәекеттерін жан-жақты зерделеп шыққан өңір басшысы кәсіпкерлердің инвестициялық жобаларына мемлекет тарапынан мейілінше қолдау көрсетлетінін және өнідіріс орындарын инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілетін айтты.
– Қазіргі уақытта кәсіппен айналысуға мүмкіндіктер өте көп,-деді Дархан Амангелдіұлы. – Біз кәсіпкерлердің бизнес идеялары мен старт-ап жобаларын іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Өңірдің өзіндік кірістерін көтеруге жұмыла еңбек етуіміз керек. Жаңа жұмыс орындарын ашу өте маңызды. Соңғы жылдары елімізден шетелге жұмыс істеу үшін барғандар саны артуда. Сондықтан бізге экономиканы дамыту бағыттарын өзгертіп, жұмысты күшейту маңызды. Жастарымыз өте еңбекқор. Оларға өз өңірімізде ашылған зауыт – фабрикаларда еңбек етуіне жағдай жасағанымыз дұрыс. Мақсатымыз – Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыру. Экономиканы диверсификациялап, жұмыс орындарын ашу, өзіндік кіріс көздерін ұлғайтуға күш саламыз, – деп мемлекет ұстанып отырған бағытты түсіндіріп берді.
Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша жалпы өңірлік өнім көлемін екі есеге көбеуті негізі мақсат саналады. Мұндай нәтижеге жету үшін инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген 10 индустриалды және арнайы экономикалық аймақтар жасақталған. Бұл аймақтарда 49 кәсіпорын тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұған қосымша қазір 39 кәсіпорын салынып жатыр.