Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев және өзге де құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі таратқан хабарламада жиынның күн тәртібі бойынша 4 мәселе талқыланған. Оның алғашқысы Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы және оған оған бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын талқылау және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы болды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов баяндама жасап, саладағы өзекті мәселелер жайына тоқталды. Осыған сәйкес жиында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараевқа спорт саласындағы кемшіліктерді жою жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Мәжілісте сондай-ақ өңірдегі апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлердің қазіргі жай-күйі, коммуналдық шаруашылық бағытындағы өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да талқыланды. Бұл жұмыстар сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбековтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағында 1 708 көппәтерлі тұрғын үй бар. Оның ішінде 10 үй апатты жағдайға жеткен. Қазір бұл үйлердің мәселесін шешу жолдары қаралуда. Комиссия отырысында мұнан өзге көктемгі су тасқынының алдын алу, және әлеуметтік маңызы бар азы-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға байланысты атқарылған жұмыстардың жайы пысықталды. Және кемшіліктер бойынша шешім қабылданды.

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекова ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №55 мекемесінде  болып, сотталушылардың әлеуметтік құқығының қорғалуы бойынша бірқатар кемшіліктерді анықтады. Оның барысында сотталғандардың әлеуметтік міндетті төлемдерге, медициналық сақтандыру (OSHI) және зейнетақы қорларына аударымдары зерделенді. Тексеріс нәтижесінде 134 сотталушыға міндетті медициналық сақтандыру жарнасы төленбегені белгілі болды. Оған сотталушылардың жеке басын куәландыратын құжаттының болмауы, кейбіреуінің  жарамдылық мерзімі өтіп кетуі себеп болған. Сонымен қатар осындай себептерге байланысты зейнетақы жарналары алынбаған болып шықты.

Анықталған кемшілік бойынша  Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі Қылмыстық атқару жүйесі комитеті Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша департаменттеріне  ұсыныс жолдады. Соның арқасында қызметтік тексеріс жүргізіліп, түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген 134 сотталушының тиісті құжаттары толығымен рәсімделіп, зейнетақы мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша мемлекеттік жарналарының төленуі қамтамасыз етілді. Мұндай кемшілікке жол берген

мекеменің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Уәкіл өкілінің араласуынан кейін ғана сотталғандардың мүдделерін денсаулық сақтау және зейнетақымен қамсыздандыру салаларында әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылданды.

Осыған дейін Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Түркістан облысы бойынша өкілінің араласуымен сотталушы мүгедек азаматтың  денсаулығын сақтау құқығы қорғалған болатын. Ұсынылған медициналық құжаттарды зерделеу барысында бұл азаматтың бойында ағза функцияларының бұзылу дәрежесі, өмірлік белсенділіктің шектеулері тексеріліп,  МӘС бөлімінің қорытындысы өзгертілді. Сотталушыға екінші топтағы мүгедектік тағайындалды.