ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңы жеке профилактика шараларын айқындайды. Мәселен, Заңның 17-бабына сәйкес мұндай шаралар тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына оның жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде нысаналы ықпал ету үшін қолданылады. Алайда «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР заңы ғана емес, жеке профилактика шараларын да айқындайды. ҚР Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңының 23-бабына сәйкес құқық бұзушылықтардың жеке профилактикасы шаралары адамның немесе адамдардың шектеулі тобының құқық бұзушылықтардың жасалуының алдын алу, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында олардың құқықтық санасы мен мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты әсер ету үшін қолданылады. Көріп отырғанымыздай, әртүрлі заңдардағы екі анықтаманың арасында айырмашылықтар бар. Сонымен қатар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы шеңберінде бір емес, бірнеше адамның құқықтық санасы мен мінез-құлқына әсер ету мүмкін еместігі түсініксіз. Сонымен қатар «Құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою» тұжырымдамасы «Құқық бұзушылықтың жеке профилактикасы» санатының жалпы анықтамасынан айырмашылығы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларында жоқ. Ал «Тұрмыстық зорлықзомбылықтың профилактикасы» терминін анықтау кезінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңының 1-бабының 4-тармақшасында тек жою туралы ғана емес, сонымен қатар құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау туралы да айтылады.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы шараларын қолдану кезінде туындайтын қатынастарды реттеу осы Заңның үшінші тарауында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» ҚР заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Осылайша, үшінші тарау «Құқық бұзушылықтың профилактикасы туралы» ҚР Заңын қайталамауға, тек қана отбасыт ұрмыстық қатынастар саласына қолданылатын нақты ықпал ету шараларын белгілеуге тиіс.