Төзімділік пен зиянның алдын алу арасындағы дұрыс тепе-теңдікті табу қоғамның тұрақты міндеті
-
Түркістан облысы, Түркістан қаласы
Түркістан облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес 2020 жылғы мамыр айында Түркістан облысы тұрғындарының саны 2 016 037 адамды құрады. Осы 2 миллион халықтың ішінде өзбек, орыс, тәжік, әзірбайжан, түрік тәрізді өзге этнос өкілдері де бар. Өңірлік ассамблеяның қызметін қамтамасыз ету «Қоғамдық келісім» мекемесіне жүктелген.
Өңірде облыстық 13 этномәдени бірлестік, атап айтқанда, «Ынтымақ», өзбек, славян, түрік, күрді, иран, қырғыз, тәжік, шешен-ингуш, татар-башқұрт, ұйғыр, әзірбайжан, грек бірлестіктері және олардың аудандар мен қалаларда 7 филиалы және 14 өкілдік жұмыс атқарып отыр.
Мекеме жұмысының тағы бір бағыты облыс көлемінде жүргізілген әлеуметтанымдық сауалнамалардың қорытындылары бойынша этносаралық, конфессияаралық үдерістер мен этносаяси жағдайларды зерттеу және талдау .
Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгені байқалады.
Іс жүзінде толеранттылық шекараларын анықтау күрделі және даулы мәселе қатарында көрінеді. Қандай мәселеге төзімділік таныту керектігі туралы шешімдер көбінесе этикалық, құқықтық және мәдени ойларды қамтиды. Қоғам жеке адамның құқықтарын қорғау мен қоғамның әл-ауқаты мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету арасындағы теңгерімді табуға ұмтылады. Сондықтан төзімділік пен зиянның алдын алу арасындағы дұрыс тепе-теңдікті табу қоғамның тұрақты міндеті болып табылады.