ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының аяғынан бастап Арыс өзені бассейнінің аумағында А.Н. Подушкин өзінің археологиялық жұмыстарын жүргізе бастады. Ол біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығындағы отырықшы-жер өңдеуші ескерткіштерін зерттеуді жалғастырды. А.Н. Подушкин 1986 жылы «Оңтүстік Қазақстанның (Арыс өз. бассейні, Қаржантау және Қаратаудың оңтүстік беткейлеріндегі) біздің заманымыздың I-VI ғасырлар жер өңдеуші-көшпелі мәдениет ескерткіштері» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертация қорғайды.
Диссертацияны дайындау кезінде автор жерлеу ескерткіштерін зерттеу материалына қосты. Бірнеше жыл бойы ол Алтынтөбе, Қаратөбе елді мекендерін, Алтынтөбе қорымын зерттеді; сондай-ақ Шаян Ақтөбесі елді мекені мен қорымын зерттеу материалдарын қосты. Сол жылдары ОҚО ескерткіштерін төлқұжаттау жұмысы жүргізілді, сондықтан жұмыста археологиялық барлау нәтижелері де пайдаланылды, онда ескерткіштердің хронологиясы негізінен қазып алынған материалдар бойынша белгіленді.
А.Н. Подушкин бұрын Е.И. Агеева мен Г.И. Пацевич ұсынған Оңтүстік Қазақстан ескерткіштерінің типологиясын толығымен қабылдап, аймақтағы ескерткіштерді сегіз түрге бөліп көрсетті. Ол бұл типологияны келесі белгілерге негізделген бақылауларымен толықтыра түсті: «ескерткіштің морфологиялық және топографиялық ерекшеліктері; орналасқан жері (ландшафт, рельеф, су көздерінің болуы); стратиграфия; фортификация ерекшеліктері; соңғы кезеңдегі қолданылған уақыты». Біздің ойымызша, бұл белгілердің ішінен бірінші кезекте стратиграфия пайда болады, өйткені диссертация жазу кезінде ғалым стратиграфиялық зерттеулерді тек Ақтөбе, Қаратөбе, Алтынтөбе елді мекендерінде жүргізді. ОҚО жинағын жасау барысында ескерткіштерге стратиграфиялық зерттеулер жүргізілген жоқ.
Кандидаттық диссертация материалын түйіндей келе, ғалым Отырар-Қаратау мәдениеті шеңберінен мәдениеттің жергілікті нұсқасын бөліп шығарып, оны «арыстық» деп атауды ұсынады. Кандидаттық диссертация аясында А.Н. Подушкиннің біздің заманымыздың бірінші мыңжылдықтағы жер өңдеуші-көшпелі мәдениетінің ескерткіштері туралы зерттеуі К.М. Байпақовпен бірлескен монографияда жарияланды.
Осы жерде біз Оңтүстік Қазақстан облысының археологиясындағы маңызды оқиға «Жинақ» болғанын атап өтуіміз керек. Ол бірнеше ондаған жылдар бойы жасалып, 1994 жылы жарық көрді.
«Жинаққа» ескерткіштердің келесі түрлері кірді: археология ескерткіштері, тарих ескерткіштері, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері, монументальді өнер ескерткіштері. «Жинақты» дайындаумен ғалымдардың абыройлы тобы айналысты. Ескерткіштердің әр түрімен жеке-жеке топ жұмыс істеді. Зерттелетін ауданның ескерткіштері жинақталды, түсірілді, схемалық картаға ендірілді. Басқаша айтқанда, ауқымды жұмыс жүргізілді: жаңадан ашылған да және бұрын белгілі болған да археологиялық нысандар қамтыла зерттелді.
Алайда, «Жинақтың» басылымы ұзаққа созылды. Ол Кеңес заманында дайындалып, тәуелсіздік дәуірінде жарық көрді. Осы кезеңде республикада үлкен өзгерістер болды. Оған енген кейбір ескерткіштер жойылды. Кеңес заманында аталған топонимдердің көпшілігі өзгертілді. Басқаша айтқанда, барлық артықшылықтарымен қоса «Жинақ» қазіргі уақытта көптеген көрсеткіштер бойынша ескіргені анық.
ХХ ғасырдың 80-жылдар аяғынан бастап А.Н. Подушкин жер өңдеуші және көшпелі мәдениет ескерткіштерін зерттеуді жалғастырып келеді. Оның жұмысының нәтижесі 1999 жылы қорғалған «Оңтүстік Қазақстанның біздің заманымызға дейінгі IV ғасыр-біздің заманымыздың VI ғасыры Арыс мәдениеті» деген докторлық диссертациясы болды. А.Н. Подушкиннің диссертациясы 2000 жылы жеке кітап болып жарық көрді.
Алдыңғы зерттеулердің барлық мәліметтері және кандидаттық диссертация аясында жасалған негізгі нәтижелер докторлық диссертацияға енгізілді. Бұрын айтылған кейбір ережелерді ғалым өзгертті, ал монографияда ол «арыстық» деп атаған Отырар-Қаратау мәдениетінің жергілікті нұсқасы жеке «Арыс мәдениетіне» айналған.
А.Н. Подушкиннің соңғы жұмысының позитивті және даулы аспектілері Е.А. Смағұловтың жазған рецензиясында жан-жақты талданды, ол объективті түрде және нақты фактологиялық материалмен А.П. Подушкин монографиясының әлсіз тұстарын сынға алды.
Е.А. Смағұловтың рецензиясына А.Н. Подушкиннің берген жауабы көп күттірмеді, алайда Е.А. Смағұловтың рецензиясында қойылған мәселелерге күткендегідей лайықты түсініктеме берілген жоқ.
Айта кетейік, Е.А .Смағұловтың пікірін басқа зерттеушілер де қолдайды. Академик Ю.А. Буряков монография туралы А.Н. Подушкинге бірқатар елеулі сын-ескертпелер айтты.
Өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарында зерттеліп отырған ауданда негізінен біздің дәуіріміздің бірінші мыңжылдығындағы жер өңдеуші-көшпелілер мәдениетінің ескерткіштері зерттелді. Сайрам және Шымкент қалашықтары сияқты ірі қалалық орталықтарда археологиялық жұмыстар өте аз болды.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдарында Сайрам қалашығының Шахристан орталығында мектеп салу кезінде көлемі 6х2,5, тереңдігі 1,7 метр болатын барлау қазбасы салынды. Ол жерден Тараз, Отырар, Шаш, Созақ қалаларында аналогтары бар XVI-XVIII ғасырлардағы керамикалық материалдар табылды.
1989жылы«Қазпроектреставрация»институтыСайрам қалашығы цитаделіндешағынархеологиялықзерттеулерұйымдастырады.Қазба жұмыстарын жүргізгенА.О. ИтеновжоғарғықұрылысқабатынанXVIII-XIXғасырлардың аяғында пайда болған үй-жайлардыңқұрылымдарын тапты. Осылайша ол қаланың шахристан бөлігі жоңғаршапқыншылығынанкейін де, Қоқан иелігі кезінде де толыққандыөмірсүргенін анықтай алды.Өкінішкеқарай,зерттеушітек кейінгі ортағасырлықкезеңмен ғана шектелді.
1990жылыҚарашашанакесенесіненсолтүстік-батысқа қарай 150метр жерде, шахристанаумағындамешітсалынды.ШұңқырдықазукезіндеОңтүстікҚазақстаноблысымәдениеткомитетініңескерткіштердіқорғаубөлімініңқызметкеріА.Н.Грищенкобақылау жұмысынжүргізілді.Сол кездешахристанныңмәдениқабаттарының пайда болухронологиясынжоғарғықабаттан(XVI-XVIIIғасырлар)бастап, соңында материкке дейін(X-XIғасырлар) аяқталатын қабаттарды байқау мүмкіндігі туды.Бұл жерде М.Е. Массон1925жылшахристанды зерттегенде оныңоңтүстік-батысшетіндешамамен2,7мтереңдікте қазылған ретирад шұңқырдан XI-XIIғасырлар жататынжылтыратылғаныдыс-аяқ фрагменттерін тапқан болатын, қазір олар музейқорындасақтаулы тұр.
1997 жылы өлкетанушы М. Мирхайдаровтың өтініші бойынша Әбдел-Әзіз баб кесенесі маңына А.Н. Грищенко қорғау жұмыстарымен барады. Көлемі 2х2 метр қазба жұмыстарынан XI-XII ғасырлар керамика табылды.
1999 жылы Сайрам ауыл әкімдігінің тапсырысы бойынша А.О. Итенов Сайрам ауылының орталығына кіретін қақпаны салу кезінде археологиялық қадағалау жүргізді. Сол кезде осызаманғы қақпа құрылысы Сайрамның кейінгі орта ғасырларда болған, тарихи деректерде Беклик-дарбаза және Белқақпа деп аталатын солтүстік қақпасының орнына салынды. Ауылдың орталық бөлігіне кіре берістегі жолдың шығыс жақ бетінде тұрған шығыңқы төбешікте стратиграфиялық қазба жұмыстары жүргізілді. А.О. Итенов қазбаның батыс және шығыс бөліктеріне қатысты стратиграфиясын сипаттады. Алдын-ала зерттеушіге қорғаныс қабырғасы мен кіреберіс қақпасының мұнарасын табу міндеті қойылды. Зерттеуші қазылған екі жердің стратиграфиясында қоқыстар және сирек кездесетін қыш ыдыстарға толтырылған кейінгі ортағасырлық шұңқырларды бірден атап өтті. Қазбаның батыс бөлігінде ол кала Сайрамның табиғи төбе үстіне тұрғызылғанын анықтай алды, ол қазба бөлігі сары саздаққа барып тірелді. Қазбаның шығыс бөлігінен 1 метрге дейін қоқыспен араласқан бос қабаттар шыққан. Төмендеген сайын борпылдақ саздақ жолақтар кезектесе қабат түзіп жатыр. Одан да төмен саздақ қабат керамика бұйымдарының бөлшектері кездесетін шұңқырмен аяқталды, олардың ішінен сфероконус бөлшектері табылған. Бұл материалдар жарияланбаған. Материк үстіндегі қабаттан табылған керамикалық заттардың ішінде сфероконустар да бар деп сипатталуына қарағанда, қараханид заманына жатады деп қорытынды жасауға болады.
ХХ ғасырдың соңғы екі онжылдығында Сайрам қалашығының аумағында жүргізілген археологиялық жұмыстардың қысқаша мазмұны осындай. Осыған ұқсас көрініс Шымкент қалашығында да байқалды. Бұл нысан бұрын онша жақсы зерттелмеген. Мұндағы бір ерекшелік, ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының соңында студенттік практика аясында Н.П. Подушкин және 1986-1987 жылдары Қазпроектреставрация институтының тапсырмасымен А.О. Итенов қысқа мерзімді қазба жұмыстарын жүргізген. Жекелей алғанда, олар қалашықтың шахристаны мен цитаделіне шағын қазба салынып, XVIII-XIX ғасырлар жататын материалдар тапқан болатын.
80-ші жылдардан бастап Шымкент тұрғындары өз қаласының жасын білуге белсенді түрде қызыға бастады. Осы тақырып аясында бірнеше танымал ғылыми-танымдық еңбектер жарық көрді. 1980 жылы Р. Бекназаров, А.А. Клименко, М.С. Сейсенбаевтар ғалымдардың көпшілігі бұл маңда Шымкент қаласының орнында XI-XII ғасырлар қоныс болған деп есептейтінін атап өтті.
Бірнеше жылдан кейін М.Аяпов пен Н.И. Наумов тарихи-ақпараттық кітапшаға нақты дереккөзге сілтеме жасамай «Шымкент – республиканың ежелгі қалаларының бірі, оның жасы 1300 жылдан асты» деп жариялады.
1998 жылы Н.П. Подушкин Шымкент қаласының құрылған күнін анықтады (1365-1366 жылдар). Бұл датаны нақтылау мүмкіндігі жаңа жазбаша құжаттар табылған кезде, бұл екіталай, немесе кең ауқымды археологиялық жұмыстар нәижесімен пайда болады дейді ғалым.
Шымкент қаласы XII ғасырдан бері белгілі деп жазған зерттеушілер негізінен А.Добросмыслов келтірген Дәруіш баба мазары туралы аңыздан алынған мәліметтерге назар аударады. Ал, Н.П. Подушкин қорытындысының негізі Шараф ад-Дин Йезди жазған «Зафарнаме» деректерінде жатыр.