ШЫМКЕНТТЕГІ ОЙЫНҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ ЕМДЕУ ОРТАЛЫҒЫ КӨМЕККЕ ӘЗІР

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Жалпы, қазіргі қоғамда әр-түрлі психикалық ауру түрлері көбейіп кеткені рас. Оның ішінде ең өзектісі, әрі ең қауіптісі – лудомания. Олай болатын себебі, осы дертке тәуелді азаматтардың өзіне ең жақын кісілерден алшақтап, материалдық құндылықтарының барлығынан, ақша-қаражатынан, көліктерінен, құнды заттарынан, жылжымайтын мүліктерінен, тіпті басындағы баспанасы мен үй-жайынан айрылып, барын тігіп, тұңғиыққа батқандай күй кешіп жүргені жалған емес. Ал, бұл дерттен айығудың мүмкіндігі, жолы, емдейтін жері бар ма?

Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент-Ренессанс» наркология орталығы азаматтардың лудомания дертінен айығуына септесіп келеді. Әрине, бұл дерттен айығу үшін ең бастысы – адамның ішкі талпынысы болса, нұр үстіне нұр. Десе де, аталған наркология орталығының мамандарының де рөлі үлкен.

Орталықтың орналасқан мекен-жайы туралы да мәлімет бере кетейік. Мекеме Шымкент қаласы, «Мирас» шағынауданы, 651 үйде орналасқан.

Бұл орталықтың ақпарат көзі бізге былай лудомания кеселі жайында мынадай мәлімет береді. Басты-басты ақпараттарға назар қойсақ, былай дейді:

 

Ойын бизнесін сапасыз бақылау ғаламтор технологияларының дамуымен бірге барлық жастағы адамдарда лудомания дертінің асқынуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл терминмен бірге ойындарға деген патологиялық тәуелділік мінезделеді. Адам өзі ішкі дүниесімен казиноға, букмекерлік ставкаларға, контораларға, лотереяларға деген тартылысты жеңе алмайды. Ойынқұмарлықты уақытында емдемеген жағдайда, нәтижерері өте ауыр болуы мүмкін. Кейбір лудомандар өзін жалғыздыққа қияды, өзінің жеке отбасын жоғалтады, тіпті өмірін де қиып, суицидпен аяқтауы да мүмкін.

 

Ойынқұмарлықтың даму кезеңдері

Маскүнемдік пен нашақорлық секілді лудоманияның да өз даму кезеңдері болады. Негізгі-негізгі кезеңдеріне тоқталар болсақ:

Бастапқы. Бірінші көзқарас үшін ауыр емес көрінеді. Адам ойындарға тәуелді болады, ол адамда жаңа қызығушылықтар пайда болады: спорт ставкалары, интернет-казинодағы слоттар және т.б.

Екінші. Адам ойындарға тәуелді  болады. Мысалы, казиноға ұзақ бармағанда адам тітіркенгіш, ашуланшақ болады. Бұл кезеңде ойынқұмарлықты емдеуді бастау ұсынылады.

Үшінші. Қорытынды кезең, адамның барлық назары ойынға жинақталады. Нәтижені күту екінші кезекте қалады, дәл солай отбасы, сүйікті іс, достар, жұмыс та артта қалады. Бастысы – ойынға қатысу, процесс.

Ойынқұмарлықты нәтижелі емдеу «Шымкент-Ренессанс» клиникаларында жүзеге асып келеді. Клиникада тәуелділіктен арыла отырып емделудің алдыңғы қатарлы әдістері қолданылады. Мысалы, ойынқұмарлық кей жағдайларда гипноз арқылы емделеді. Дәрігер алдымен емделушіні зерттейді. Емделушіге кодтау қажет болса, онда бұл ем түрі қолданылады. Дегенмен, көбінесе ем радикалды тәсілдер арқылы жүргізіледі.

 

Ойынқұмарлықтан қашан емделу керек?

Өкінішке қарай, еркелік пен ойынқұмарлықтың арасы – бір-ақ тұтам. Адамның хоббиі ойынқұмарлыққа айналған уақытты аңғармай қалады. Процессті артқа қалдырады.

Ғаламторға тәуелділіктен емделу, бұл – ауруды мойындаудан басталады. Лудоманды былайша аңғаруға болады:

Барлық бос уақыты ойынмен өтеді. Ол казинода ставка қояды. Букмекерлік контораларда отырады. Күні бойы интернетте отырады.

Қаржының көп жұмсалуы. Ставкалар ақшаны қажет етеді. Нәтижесінде, адам үйдегі құнды заттарды сатады, жақындары мен таныстарынан қарызға алады, банктен несие алады, немесе одан да жаманы жекелей кредиторларға қарызға белшесінен кіреді.

Көңіл-күйі өзгереді. Лудоман әрқашан да ойын туралы ойлайды. Ойын арасында ашуланшақ болып, көңіл-күйі түсіп жүреді.

Жеңілістен кейін қайтадан ойнап ұту идеясы пайда болады. Егер лудоман үлкен сомадан ұтылып қалса, ол тоқтамайды. «Ұтам» деген үміт адастырады. Ол тезірек ақшаны, ақша алатын басқа көздерді іздей бастайды. Келесі ставкаға қою үшін ақша іздейді.

Жоғарыда айтылған симптомдар аурудың дамуын мінездейді. Ойынқұмарлықтан тезірек арылу керек. Бұл зиянды әдеттен өздігінен арылу мүмкін емес. Тек, уақыт жоғалтасыз. «Шымкент-Ренессанс» наркология орталығының реабилитация орталығында ойынқұмарлық кеселін кәсіби мамандар емдейді. Олар гипноздау, кодтау секілді заманауи әдістерді қолданады.

 

Ойынқұмарлықты емдеудің кезеңдері

Ғаламторға тәуелділік, казино мен БК деген тәуелділік кешенді әдістерді қолдануды қажет етеді. Бастапқы кезеңде емделушіні реабилитациялық орталықтың маманы қолдайды. Оның міндеті – адамның санасын дұрыс бағытқа бұру. Бұл кезеңде ойынқұмарлыққа қарсы психологиялық көмек көрсетіледі.

Екінші қадам кезінде емделу мен реабилитация жүргізіледі. Ауру адамда азарттық ойындарға деген психологиялық тартылыс баяуламайды, ашушаңдылық күшейе түседі. Сондықтан дәрігердер тыныштандыратын дәрі жазып береді. Бұл кезеңде жекелей және топтық сеанстарды жүргізетін психотерапевт қосылады. Емдеудің ең радикалды тәсілдері – гипноз және кодтау.

Қорытыны қадам – әлеуметтік адаптация. Ойынқұмарлықты кодтау арқылы емдеу және басқа да тәсілдер нәтижені тұрақтандыруды қажет етеді. Әдетте, дәрігер лудоманның жақындарымен араласқан кезде оларға азарттық ойындар жоқ жаңа өмірге кірісуіне ат салысу керектігін басып айтады.

«Шымкент- Ренессанс» наркология орталығы реабилитация орталығында лудоманияға қарсы кодтау және емдеу уақыты  бойы психологиялық жәрдем секілді үздік әдәстерді қолданады. Егер, күмандансаңыз, мамандар орталыққа келіп, бұл ауыр дерттен арылған адамдардың пікірімен танысуға кеңес береді.

Сайттағы ойынқұмарлыққа қарсы кодтау туралы адамдардың пікірімен танысып, дұрыс және салмақты шешімге келуге болады.

 

1.Ойынқұмарлық ол дерт пе әлде жоқ па?

Қазіргі уақытта МКБ-11 канвасына жүгінсек, ол психикалық қалыптың түрі, қарапайым тілмен айтқанда, аддиктивті мінез-құлықтың түрі. Дегенмен, бұл аурудың этимологиясы, яғни себебі, және патогенезі – қалыптасуы болғандықтан, оны дәстүрлі ауруларға жатқызуға болады.

 

2.Ойынқұмарлық қалай қалыптасады?

Жалпы, ұтыс, жеңіліс, өкініш, тығырыққа тірелу сияқты төрт кезең болады. Сонымен қатар, бұлардың алдын ала кезеңі – дайындық кезеңі, іштей ставкаларға дайын болу кезеңі қалыптасады.

 

3.Ойынқұмарлық, тәуелділік ретінде емделе ме?

Емдеу терминінің орнына купирование деген термин қолданылады.

Ия, тиімді, ауыртпашылықсыз, ойынқұмарлықтың зардаптарын көрмей өмір сүруге болады.

Оны былай мінездеуге болады: алдымен ставкалардан толықтай бас тартамыз, содан кейін оларсыз, саналы өмірде болуды тұрақтандырамыз. Осының барлығын реабилитациялық орталықтағы Негізгі курстың ішінде жасауға болады.

Міне, мамандар осылай деп отыр. демек, Шымкенттің «Шымкент- Ренессанс» наркология орталығында бұл психикалық дертке шалдыққан азаматтардың айығып шығуына үлкен сенім бар деген сөз.