ШЫМКЕНТТЕН ТІКЕЛЕЙ ЖЕТІ ҚАЛАҒА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕ РЕЙСТЕРІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында: «Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады», – делінген еді. Халықаралық «Шымкент» әуежайынан 5 мемлекеттің 7 қаласына, атап айтқанда, Мажарстан, Германия, Корея, Қытай және Египет елдеріне тікелей әуе рейстері ашылып отыр. Алғашқы сапар Мюнхен және Будапешт қалаларына бағытталмақ.

Жаңа халықаралық рейс бағыттарының іске қосылуы Шымкентке келетін туристер легін арттыруға оң әсер етеді. Қазіргі уақытта SCAT әуекомпаниясының әуе паркінде 37 әуе кемесі бар. Оның 22-сі ішкі бағыттарға қызмет көрсетсе, 15 әуе кемесі халықаралық бағыттарда тұрақты қатынап жатыр.

Енді шымкенттіктер мен қала қонақтары алыс және жақын шетелдерге тікелей Шымкент әуежайынан ұшуға мүмкіндік алады. Бұл жоба өңірдің көлік және туризм саласын дамытуға зор ықпал етеді деп күтіліп отыр.