ШЫМКЕНТТЕН ҚАШҚАН АЛАЯҚ ТҮРКИЯДА ҚОЛҒА ТҮСТІ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында 50-ден астам адамды алдап, ірі көлемдегі қаражатын алдап қолды еткен күдікті ер адам Түркияға қашып кеткен. Күдіктіні Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің және Түркия Республикасының құзыретті органдарының көмегімен елге қайтарып отыр.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған Қазақстан Республикасының Бас прокуратураның мәліметінше, әлгі алаяқ 2023 жылы Шымкент қаласында өзге адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы интернет-алаңда нарықтық бағадан төмен бағамен автокөлік сатылады деген жалған хабарландырулар жариялап отырған. Заңсыз әрекеттердің салдарынан 52 жәбірленуші жалпы сомасы 70 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Жоғарыда аталған алаяқтық қылмысына қатысушылардың ішінде бұрын жазаның әртүрлі түрлерімен сотталғандар да болғаны белгілі болды. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бірден бой тасалап, жасырынған. Соған байланысты, оған халықаралық қылмыстық іздеу жарияланып, биылғы жылдың тамыз айында Түркия аумағында ұсталып отыр.

Осы оқиғаға байланысты Прокуратура органдарының таратқан хабарламасында: «Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бас прокуратура мен құқық қорғау органдары азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қылмыс жасаған тұлғаларды, олар қай елде жүргеніне қарамастан, жауаптылыққа тарту бойынша жүйелі жұмысын жалғастырады», – делінген.

Осы тұста айта кетсек, қазіргі таңда күдікті ретінде ұсталған алаяқ тергеу изоляторына қамалған. Құзырлы органдардың хабарауынша, оның мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.