Шымкентте жол саласының мамандарын дайындайды
-
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Шымкент қана емес, елімізде жол саласының мамандары тапшы. Сондықтан болар, ең көп бос жұмыс орындары жарияланып жатады. Оған мемлекеттік гранттардың да бос қалатынын қосыңыз.
«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» мекемесінің Шымкент қалалық филиалы мамандары «Жол-көлік колледжіне» барып, студенттерменкездесті. Жолшылар жол құрылысы саласының артықшылықтары мен перспективаларын сипаттап, толғандырған сұрақтарына жауап берді.
Филиал мамандары студенттерге жолшылардың жұмыс спектіріне қандай мәселелер кіретіндігін баяндады. Қандай заманауи технологиялар мен жабдықтар бар екендігін егжей-тегжейлі таныстырды. Қазақстанның автожол саласының жағайы туралы дәріс оқып, жол құрылысы саласының дамуы туралы айтып өтті.
Ермек Намазов, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» ,Шымкент қалалық филиалы Сынақ зертханасының меңгерушісі: «Жол саласына мамандар керек. Қазақстандағы ең көп сұранысқа ие бос жұмыс орны жол қызметкері. Жолшылардың жетіспеушілігін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті дамыту орталығы» да растайды. Елмізде жол құрылысы саласына бөлінген мемлекеттік гранттардың біразы бос қалып жатады. Сол себепті біз жастарды жолшы мамандығына қызықтырып, кәсіби бағдар беру үшін 4 жылдан бері «2000 мектеп» акциясын қолға алдық».
Кездесу еркін форматта өтті. Студенттер жолшылардың жұмысына қызығушылық танытып, сұрақтарына тұщымды жауап алды.
Айта кетейік, Қазақстан жол ұзындығы бойынша әлем елдерінің рейтингінде 32-орында. Бір өкініштісі – жол сапасы бойынша 93-орында тұр. Өйткені еліміздің жол құрылысы саласына 30 мың адам жетіспейді.
Автор: Шамрек Нарұл