ШЫМКЕНТТЕ «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП» ШАРАСЫ АЯСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
- Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
Шымкент қаласы аумағында үстіміздегі жылдың 11-13 желтоқсан күндері аралығында қоғамдық тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы Еңбекші аудандық Полиция басқармасының фейсбук әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы ақпарат бөлісіп отыр.
Аталған «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара аясында Еңбекші аудандық полиция басқармасының құқық қорғау саласының қызметкерлері қала тұрғындарымен кездесіп, интернет-алаяқтықтың түрлері, одан сақтану жолдары туралы кең көлемді түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары азаматтарға өздерінің жеке деректерін танымайтын бөгде адамдарға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз қоңырауларға сақтықпен қарау қажеттігін ескертіп, құқықтық және қаржылық сауатты болуға шақырды.
– Бұл «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шара аясында Еңбекші аудандық полиция басқармасының криминалдық бөлімінің қызметкерлері Еңбекші ауданы әкімі аппаратының мамандарына, аудан аумағындағы тұрғындарға жаппай түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Аталған түсіндірме жұмыстары негізінен интернет-алаяқтық әрекеттерінің алдын алу, мұндай қылмыскерлерден сақтану амалдары, интернет-алаяқтық шабуылға душар болғанда атқарылатын шаралар туралы кеңінен құқықтық дәрістер атқарылды. Мұндағы мақсат – тұрғындардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру, интернет-алаяқтық әрекеттерден сақтану дағдыларын қалыптастыру, – дейді Еңбекші ауданының полиция қызметкерлері.
Мұндай жедел-профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болмақ дейді сала мамандары.