ШЫМКЕНТТІК КИБЕРПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АРҚАСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН ЗАРДАП ШЕГУШІЛЕРДІҢ САНЫ 2,5 ЕСЕ АЗАЙҒАН
- Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
Бұл туралы Шымкент қалалық Полиция департаментінің ресми сайтында хабарланған. Аталған хабарламада қалалық полицияның Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл қызметінің жұмыс барысы мен нәтижелері туралы мәлімет бар.
Жалпы, бүгінгі таңда халықты толғандыратын мәселелердің бірі – интернет-алаяқтық. Ол бүкіл әлемде, соның ішінде ең технологиялық дамыған мемлекеттерде де кең таралған.
Азаматтарға кредиттер мен қарыздарды ресімдеуге, сондай-ақ олардың банктік жинақтарын ұрлауға байланысты интернет-алаяқтықтың көпшілігін «шетелдік қылмыскерлер» жасайды. Олар жақын және алыс шет елдерде тұрақты орналасқан «Call-орталықтар» қағидаты бойынша жұмыс істейтін трансұлттық Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына кіреді.
Оларға қарсы тұру үшін елде «Киберпол» жобасы енгізіліп отыр. Аталған жоба Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде іске асырылды және барлық өңірлер бойынша масштабталды.
Осы жоба аясында алаяқтар пайдаланатын, ауыстырылатын нөмірлерден «шетелдік» қоңырауларды бұғаттау жүйесі сәтті енгізілді. Бұл мұндай қосылыстардың 43 миллионнан астам әрекетін тоқтатуға мүмкіндік берді, нәтижесінде зардап шеккендердің саны 2,5 еседен астам азайды.
Қызметкерлер банктермен және ұялы байланыс операторларымен тікелей байланыса жұмыс істейді. Бұл азаматтардың ақшасын жоғалту қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, елден тысқары жерлерге шығару сатысында шамамен 220 миллион теңге бұғатталды, сондай-ақ 850 миллион теңге сомаға залалды өтеу қамтамасыз етілді.
«Киберпол» жұмысының әсері өте айқын, қазірдің өзінде осындай 3 мыңнан астам қылмыс ашылған. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл – полиция жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Шымкент қалалық Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл қызметі Шымкент қаласының тұрғындарына жеке деректері мен банк реквизиттерінің ашық болмауын, интернет-алаяқтардан сақ болуға шақырады.