Шымкент полициясы ескертеді: ӘСІРЕСЕ, ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ҚАРИЯЛАР ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТАРДАН САҚ БОЛУЫ ТИІС!

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласының полициясы шаһар тұрғындарына, әсіресе егде жастағы адамдарға бейтаныс адамдармен телефон немесе онлайн арқылы сөйлескен кезде сақ болуды еске салады. Цифрлық технологиялардың дамуымен байланысты қашықтықтан жасалған қылмыстардың саны күн санап артып келеді. Сондықтан алаяқтардың тұзағына түсіп қалмау үшін не істеу керектігін білу маңызды.

Қолда бар тәжірибе көрсеткендей, 40 жастан асқан азаматтар, әсіресе зейнеткерлер, көбінесе онлайн және телефон алаяқтықтарының құрбаны болады. Бұл қылмыскерлердің белсенді түрде пайдаланатын сенімге кіру әрекеттері және телефонның бергі жағындағы тыңдаушысының сенгіштігі мен эмоционалдық осалдығына байланысты. Интернет-алаяқтар көбінесе банктердің, мемлекеттік органдардың немесе медициналық мекемелердің қызметкерлері болып көрініп, қарияларға психологиялық қысым жасап, асығыс шешім қабылдау сезімін тудырады.

Осыған байланысты, Шымкент қаласының полициясы өзіңізді және жақындарыңызды интернет-алаяқтардан қорғаудың қарапайым, бірақ маңызды сақтық шараларын қолдануды ұсынады:

Біріншіден, ұялы телефоныңызға белгісіз нөмірлерді анықтайтын қолданбаны орнатыңыз және операторыңыздан қоңырауларды бұғаттау қызметіне жазылыңыз.

Екіншіден, есте сақтаңыз: аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды немесе басқа жеке ақпараттарыңызды білу қоңырау шалушының сенімділігіне кепілдік бермейді.

Үшіншіден, Ақпаратты әрқашан тексеріңіз, әсіресе ол «шұғыл чектерге», «төлемдерге» немесе «медициналық көмекке» қатысты болып жатса, міндетті түрде.

Үйіңізге бейтаныс адамдарды кіргізбеңіз, тіпті олар өздерін мемлекеттік немесе коммуналдық қызметкерлер деп мәлімдесе де. Ондай мекемелерден келушілердің барлығы ресми құжаттармен немесе алдын ала хабарламамен расталуы керек.

Мынаны қатаң есте сақтаңыз:

1) Зейнетақы қорлары, медициналық мекемелер және банктер ешқашан басқа адамдардың шоттарына қаражат аударуды сұрамайды немесе банк картасы туралы ақпаратты сұрамайды.

2) SMS немесе push-хабарландырулар арқылы алынған карта нөмірлерін, PIN-кодтарды, CVV сандарын немесе құпия сөздерді жариялауға қатаң тыйым салынады.

3) Бұл ақпарат қатаң құпия болып табылады, тіпті шынайы банк қызметкеріне де оны сұрауға тыйым салынады.

Полиция сіздің есіңізге салады: алаяқтар жаңа жағдайлар мен технологияларға бейімделіп, өз схемаларын үнемі дамытып отырады. Сондықтан, сақтық пен сыни ойлау қабілеттеріңіз – өзіңізді қылмыскерлерден қорғаудағы негізгі одақтас достарыңыз.

Егер, сіз немесе сіздің жақыныңыз алаяқтықтың құрбаны болса, дереу жақын маңдағы Шымкент қалалық полиция бөліміне хабарласыңыз немесе 102 нөміріне қоңырау шалыңыз. Жедел хабарлау одан әрі қылмыстардың алдын алуға және қаражатыңыз бен жеке ақпараттарыңызды қорғауға көмектеседі.