ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖИЫНЫ ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы
blog-single-image

Шымкент қалалық сотында «Алаяқтық қылмыстар, оны тергеудегі өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға қалалық соттың судьясы Е.С.Төлешовтың төрағалық етті. Бұл жөнінде қалалық соттың әлеуметтік желідегі парақшасы ақпарат берген.

Аталған іс-шараға Шымкент қалалық сотының судьясы Б.К.Идирисов, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы және судьялары, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, сондай-ақ Шымкент қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығы Қ.М.Хандиллаев, Шымкент қалалық прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының бастығының орынбасары Б.У.Ештаев, Еңбекші аудан прокуратурасының прокуроры Р.Ж.Жақсылық, Қаратау аудан прокуратурасының прокуроры Ғ.Ж.Жаңабаев, Әл-Фараби аудан прокуратурасының прокуроры А.А.Заманбек, Тұран ауданының прокуроры С.Әбдиев, Абай ауданының прокуроры Р.Ж.Беріков және аудан прокурорларының орынбасарлары, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ө.Ж.Бекбердиев, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының Кибер қылмыстарды тергеу бөлімінің бастығы Е.А.Ақмолда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының Б.Мырзагелдиев, аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасарлары және тергеу бөлімдерінің бастықтары қатысты.

Сөз сөйлеу барысында Е.С.Төлешов былтыр және ағымдағы жылда ҚК-нің 190-бабымен қаралған істер бойынша, олардың статистикалық деректерін атап өтті. Сонымен қатар, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А.Ж.Білтебай сотқа түскен алаяқтық істерінің сапалы жинақталуына және сотқа дейінгі тергеп-тексеруде жіберілетін қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасының бұзушылықтарына назар аударды.

Жиын барысында, алаяқтық қылмыстар, оны тергеудегі өзекті мәселелер талқыланды.

Е.С.Төлешов тақырыптың өзектілігін ескеріп, заң талаптарын сақтай отырып сотқа дейінгі тергеп-тексеруде сапалы жүргізу, іс бойынша дәлелдемелерді, құжаттарды толыққанды жинақтау, сондай-ақ прокуратура, полиция қызметкерлерімен бірлесіп семинар өткізуді және халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.

Іс-шара барысында қатысушылар алаяқтық қылмыстары бойынша мәселерді егжей-тегжейлі талқылап, пікір алмасты.