ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕРДІҢ ҚАТЫСУЫМЕН БИЫЛ 462 ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Қазіргі таңда Президент бастамасымен елімізде көп нәрсе өзгерді. Саяси реформалардың нәтижесінде мемлекеттік бағдарламалар арқылы ауыл тұрмысын жақсартуға үлкен қолдау жасалып отыр. Кәсіп ашамын, жұмыс істеймін деген азаматтарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген 2,5% несие, қайтарымсыз грант, жұмыссыздарды қоғамдық жұмыспен қамту, «Ауыл аманаты», «Серпін», «Жастар практикасы», «Күміс жас» жобасы сияқты шарапаты мол бағдарламалар бар. Оның игілігін әз азамат, әр отбасы сезінуі тиіс.

Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары, мүшелері де қоғамда беделі бар, айтары нақты, сөзі өтімді тұлғалардан сайлануда. Бір сөзбен айтқанда, Ақсақалдар кеңестері Ассамблея жанынан құрылып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен бірге қызмет етуде. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы билік өкілдерінің Ақсақалдар кеңестерімен санасатынын да байқап отырмыз. Демек, бұл Кеңестердің айтары барын, халық атынан сөйлеуде, салмақты ой айтуда орны барын, беделінің артып келе жатқанын аңғартады.

Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған Медиация кеңесі құрамында 19 мүшесі мен 56 кәсіби және қоғамдық медиаторлар жұмыс істеуде.

Мемлекет басшысы таяуда Ассамблея сессиясында Түркістан облысының этномедиацияға қатысты жұмыстарын оң бағалап, оның ауқымын кеңейтіп, бұл тәжірибені Ассамблеяның барлық ұйымдарына тарату қажеттігін айтты.

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің қатысуымен жыл басынан бері жалпы 462 іс-шара өткізілді. Этнос өкілдері көпшілік мәдени және спорттық іс-шараларда белсенді атсалысуда.

Биылғы шараларға қысқаша тоқталсам, алдағы уақытта «Бабалар үні» тақырыбындағы этнос өкілдері арасында қазақтың эпостық жырларын жатқа айту байқауы, «Әнім сенсің – туған жер» тақырыбында патриоттық әндер байқауын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ биыл «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік байқауы, этнос жастары арасында «Ұлттық ойын – ұлттық қазына» тақырыбында және «Бірлік» тақырыбында спорт сайыстары өткізілмек.

 

В.М.Саражова

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы»

қоғамдық бірлестігінің мүшесі