ІС-ҚАҒАЗДАРДЫ ҚАЗАҚША ЖҮРГІЗУ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТЕДІ

  • Түркістан облысы, Түркістан қаласы
blog-single-image

Түркістан облысының  Ордабасы аудандық сотында “Мемлекеттік тілде іс жүргізу қағидалары және медиация заңының қолдануы туралы“  тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Жиынға Ордабасы ауданының прокуратурасы, құқысқ қорғау органдары өкілдері, адвокаттар мен Ордабасы ауданының полиция қызметкерлері қатысты.

Басқсоу барысында аудандық соттың судьясы Ж.Үсен және Қ.Мирзабеков баяндама жасады. Олар  қазақ тілі – біздің рухани негізіміз екенін түсіндіріп, оны барлық салада белсенді  пайдалана отырып дамыту, тілдің қолданыс аясын арттыруға күш салу және мемлекеттік тілдің қолдану өрісін кеңейту  аса маңызды іс екеніне тоқталды.

Қазақстан Республикасындағы “Тіл туралы” заңының 4-бабында “мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі” делінген. Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, кеңселерде, мемлекеттік органдарда жүргізілетін барлық іс-қағаздары мен құжаттар мемлекеттік тілде болуы қажет. Сот жүйесінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу мәселесіне жіті көңіл бөліну керектігін, ресми құжаттар негізінен мемлекеттік тілде жазылатынын, ал орыс тілінде жазылған құжаттың аударма нұсқасы болуы бұлжымас талап екенін нық басып айтып кетті.

Сонымен қатар, полиция тобы қызметкерлеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 738-бабының талаптарын, тіл жөніндегі қағидаттарының сақталуы мен хаттамаларды дұрыс толтыру керектігін назарына жеткізіп, қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 4, 13-баптарына сәйкес мемлекеттiк тiл – мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып саналады. Қазақстан Республикасында сот iсi мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi.