ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

  • Шымкент қаласы, Абай ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласында қазақ күресінен даңқты бапкер КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педогогика ғылымдарының докторы, профессор Жарылқасын Оңалбек жүлдесіне арналған ересектер арасында халықаралық турнир өтті. Сайысқа елімізден және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікістан елдерінен 260-қа жуық балуан қатысты.

Екі күнге созылған белдесулер соңында жарыстың түйе балуаны атануға 22 спортшы боз кілемге сайланып шықты.  Аса тартысты өткен белдесулер нәтижесінде  қарсыластарының барлығын жеңіп шыққан шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаров түйе балуан атанды. Ол ақтық сында Абай облысының балуаны Азия кубогының жеңімпазы Ерасыл Қажыбаевтың жауырынын жерге тигізді. Ерсұлтан Мұзаппаров Шымкент қаласындағы  ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубының шәкірті.  Спорт мамандарының айтуынша әбжіл қимылдайды. Қазақ күресінің айла әдістерін өте жақсы меңгерген.

Жалпы командалық есепте 2 алтын, 2 күміс, 4 қола медаль жеңіп  алған Шымкент қаласының балуандары бас жүлдеге ие болды. Алматы облысы екінші болса, Қарағанды облысы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер турнир иегерінің қолынан арнайы сыйлықтар алды.

Қазақ спортында өзіндік қолтаңбасы бар білікті бапкер Жарылқасын Оңалбеков кезінде ХҚТУ университетінде бапкерлік жасап, әлемдік спорт ареналарында танылған чемпиондарды тәрбиелеп шығарды. Олардың сапында самбодан аты аңызға айналған Марат Мықтыбеков бар. Жарылқасын Керімбекұлы Оңалбек Түркістан облысы, Созақ ауданының  Жанысата ауылында дүниеге келген.  Самбо күресі бойынша 1978 жылы Бішкекте өткен бүкілодақтың туринирдің жеңімпазы,   1986 жылы ҚазКСР-нің чемпионы болған. Педагогика ғылымдарының докторы, “ҚР  еңбек сіңірген спорт қайраткері”. Оол спорт тарабына арналған 3 монографияның, 68 ғылыми мақалалардың авторы.

Қазақ күресін дамыту мақсатында  Шымкент қаласында көптен істер атқарылуда Қазіргі таңда  мегаполисте 4 спорт мектебі жұмыс істейді. Онда  қазақ күресінен 500-ге жуық спортшы кәсіби түрде шұғылдануда. Олар кәсіби білігі жоғары спортшылар жаттықтырушылық етеді.
Қазақ күресін дамытуда жүйелі жұмыстары аясында 2018 жылы жасөспірім сапында тер төккен балуандар жастар, ересектер сапына өтіп, қазір «Шымкент барысы» іріктеу турниріне қатысуда. Ел чемпионаттары мен ҚР кубогы бәсекесінде жерлестеріміз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді