ҚАЛА АВТОБУСТАРЫ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Биылғы 5 маусымда Шымкент қаласының қоғамдық көліктері шаһар тұрғындары мен қонақтарына тегін тасымал қызметін көрсетеді. Бұл жайында қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлама жасаған.

Бұл акцияға қолдау көрсетіп отырған жолаушы тасымалдаушы компаниялар 2022 жылдың 5 маусымында өтетін республикалық референдумды қолдауды мақсат етіп отыр. Осы күні қала аумағында мыңға тарта қоғамдық көлік 78 бағытта жолаушы тасымалдаумен айналысады.