ҚАЛА ӘКІМІ ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАРМЕН АЙ САЙЫН  ЖҮЗДЕСІП ОТЫРАДЫ

  • Шымкент қаласы, Қаратау ауданы
blog-single-image

Ел болашағы — жастардың өзекті мәселелерін шешу, оларға жан-жақты қолдау көрсету  жұмыстың басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Жастар саясаты жөніндегі кеңес отырысында осылай деген қала әкімі МұратДүйсенбекұлы, бұдан былай қала жастарымен ай сайын жүздесіп отыратындығын жеткізді.

Отырыста қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма  басшысы Мұратжан Шотанов мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысын баяндап өтті. Ал, қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева жастарды жұмыспен қамту, «NEET санатындағы жастар туралы» тұжырымдаманың іске асырылу барысы туралы баяндады. Сонымен қатар білім басқармасының басшысы 2021-2022 оқу жылында оқушыларды қолдау бағытында атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ал, Шымкент қаласы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мұрат Алтаев жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық және нашақорлықтың алдын алу бойынша біраз деректер келтірді. Оның айтуынша, Шымкент қаласында жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылдармен салыстырғанда біршама төмендеген. Соған қарамастан жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық және нашақорлық мәселелері өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан, жауаптылар барлық мүдделі органдарды бірлесе отырып алдын алу жұмыстарын күшейтуді көздеп отыр.

Кеңес отырысын қортындылаған Мұрат Әйтенов жастар саясаты мәселелеріне байланысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Айтып өтейік, кеңес отырысының қорытындысында қала әкім жастармен айына бір рет кездесіп отыратын болып шешім қабылданды. Шымкентте 4 ауданның жастары 4 блогқа бөлініп, олармен «Жастар ресурстық орталығында» тұрақты кездесулер өтіп тұрады.