ҚАУІПСІЗ АЙМАҚ, ЖАРЫҚ КӨШЕ, АБАТТАНҒАН АУЛА

  • Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы
blog-single-image

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында  аумағында күз мауысымында су басу қауіпі бар 52 мекен жай анықталды. Мамандардың сараптамасынан кейін ең қауіпті саналған 21 аумаққа бірінші кезекте  ирригациялық арықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл жерлерге ұзындығы 7,3 шақырым болатын бетон арықтар қойылады. Мердігер мекеме бүгінге дейін 15 мекен жайда ұзындығы 6,1 шақырым болатын ирригациялық арықтарды орнатып бітті. Жоспарланған жұмыстарды толығымен қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ауданда көшелерді, аулаларды жарықтандыру бойынша да көптен жұмыс атқарылды. 2021 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасына аясында 18 көше жарықтандырылған болса, 2022 жылы  34 көшені жарықтандыру жоспарланған. Қазіргі таңда 18 көшеге жарық шамдары орнатылып, түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіз жүріп тұруына жағдай жасалды. Жыл соңына дейін тағы 16 көше жарықтандырылады деп күтілуде. Бұл жұмыс алдағы жылдары да жалғасын таппақ. 2023 жылы 15 көшені жарықтандыру үшін жобалау сметалық құжаттамалар әзірленді. Қосымша 15 көшені жарықтандыруға нақтылау жұмыстары жүргізілуде.

Еңбекші ауданындағы тұрғын үй аулалары да күн санап көркеюде. Жыл соңына дейін ауданда 73 үйдің ауласы абаттандырылып, балалар алаңшасы орнатылатын болады. Бұл жұмыстар былтырдан бастап «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Осы мақсатта тұрғындар арасында арнайы байқау ұйымдастырылған. Тұрғындар  оған өз қалауын негіздеп өтініш бере алады. Бүгінгі таңға дейін 138 өтініш түскен.

Қазіргі таңда балалар алаңшасын орнататын орындар анықталып, сметалық құжат әзірленуде.  Бұқаралық спортты дамыту, жастарды спортқа баулу мақсатында  Еңбекші ауданында соңғы он жылдың ішінде 103 ашық спорт алаңшасы орнатылыпты. Ал, биыл 73 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 6 кешенді балалар ойын алаңшасын құру жоспарланып отыр. Жұмыс екі кезеңде жүргізіледі. Оның алғашқысында  52 көпқабатты үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6 балалар ойын алаңшасы құрылды. Ал, екінші кезеңде 21 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және балалар ойын алаңшасын құру жұмыстары жүргізілуде.

Аулаларда орнатылған элементтердің барлығы заманауи, отандық өнім. Ең бастысы, балалар өміріне қауіпсіз. Сонымен қатар,  биылғы жылы Еңбекші ауданы аумағында 4 спорт алаңшасын орнату  және 5 спорт алаңшаны қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Олар биылғы жылдың қараша айында пайдалануға беріледі.